Қостанай коммунистер қаласы ма?
Алашқайраткерлері Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, Міржақып ДУЛАТ шыққан Қостанай өңірі әлікоммунистердің мекені ме?
Қостанайдакомсомолдың 101 жылдығына орай арнайы шара өтті. КСРО-ның қызыл туынкөтергендер ретро машиналар шеруін өткізді. Ұйымдастырушылар — Қазақстан халықтық коммунистік партиясы екен.Бұл партияны пропрезиденттік саяси ұйым екенін ескерсек «Нұр Отанның» дакомсомол тойына бүйрегі бұрып тұр-ау. Былтыр Қуаныш СҰЛТАНОВ, ИманғалиТАСМАҒАНБЕТОВ, Бірғаным ӘЙТІМОВА сынды «нұрлылар» өздерінің қызыл болғандарынұмытпағанын баршаға паш етті емес пе!Жергілікті kstnews.kzинтернетбасылымының жазуынша, шеру Жеңіс саябағынан басталып, тың игерушілерескерткішіне дейін жалғасқан. КСРО кезіндегі Волга, Жигули, Москвич, Иж-комбит.б көлікке отырғандар Ленин ескерткішіне гүл шоқтарын да қойды. Компартияныңоблыстық комитетінің бірінші хатшысы Асқар ӨМІРЗАҚОВ бұл ел тарихын сақтап қалуүшін ұйымдастырылған шара депті. Бірақ...Жоқмемлекеттің туын көтеру қаншалықты қажет? Әлде совет кезінде балалық шағы менжастығы өткен облыс әкімі АрхимедМҰХАМБЕТОВ бұл мерекені қолдады ма екен? Бұрынғы КСРО құрамында болған Украина,Грузия, Балтық елдерінде советтік символикаларды көшеге ұстап шығу заңментыйылған. «Нұр Отан» партиясының төрағасы «рухани жаңғырамыз» деп жатқандаҚазақстан халықтық коммунистік партиясы осылайша келмеске кеткен комсомолдыжаңғыртып жатыр.Фото: kstnews.kz