Сараптама

Қостанай облысында 60 үйді су басты

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлардепартаментінің мамандары мәлімдеді. Департамент басшысының айтуынша,әзірге қар суынан Қарасу ауданының Қарамырза ауылы ғана зардап шекті.

Jasalash.kz

Қалған өңірлердегіжағдай бірқалыпты.

«7 сәуір күні таңертең Тінтуір өзенінде сеңжүріп, су қалыпты ақты. Сағат 15.30 шамасында ауа райы күрт құбылып, желдіңекпіні секундына 30 метрге дейін жетті. Жел бірде оңтүстік-батыстан соқса, ендібірде солтүстік-батысқа ауысты. Соның әсерінен өзенде 25-30 сантиметрге дейінжететін толқын пайда болып, өзен арнасынан шықты. Су Қарамырза елді мекенінедейін жетті. Сағат 16.30-да 60 тұрғын үйді су басты. 8 сәуірде су деңгейініңқарқынды төмендеуі басталды», — деді департамент басшысы Талғат Кәкімов.

«Су үйлердің ішіне дейін кірмеген, ТЖДқызметкерлері арнайы құрылғылардың көмегімен дер кезінде суды сорғызужұмыстарын жүргізген. Облыс әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардықолдау үшін су басқан үйдің иелеріне 50 АЕК (138 900 мың теңге) көлемінде жәнеауласына су кірген тұрғындарға 25 АЕК (69 450 мың теңге) көлемінде өтемақытөлемек.

Қазіргі уақытта тұрғындарға азық-түлік қоржыны әзірленіп жатыр»делінген хабарламада.

Жалпы, өңірлерді су басу жөнінде «Жас Алаш» бұған дейін де жазды.

Бұл ретте еліміздің Ішкіістер министрлігі «биыл Қазақстан аумағындағы елді-мекендерде су басуоқиғасы  тіркелген жоқ» деп мәлімдеді. Бірақ қуануға әлі ерте. Аталмышминистрлік өкілдері елде су басу қаупі бар 309 елді-мекен бар екенін де ашыпайтып отыр.

Еске салайық, өткен аптада Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланыстыүш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалған болатын

Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретінқұрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега