Оқиғалар

Қостанайлық автобус жүргізушілері наразылыққа шықты (видео)

Әлеуметтік желілерде Қостанайдың қоғамдық көлік жүргізушілері 8 ақпанда жұмысқа шықпайтынын айтқан видеоны таратып жатыр, — деп хабарлайды «Наша газета».

Jasalash.kz

Жүргізушілер алдымен қостанайлықтардан кешірім сұрап, артынша неге наразы екенін түсіндірген — жалақысын көтеріп, жұмыс істемейтін валидаторлар үшін және кондуктор функциясы үшін олардан жауапкершілік талап етуді қою.

Қоғамдық көлік жүргізушілері қолма-қол төлем ақысы көтерілуі мәселесін де қозғады. 

«Біз 150 теңге — біздің қаламыздың көптеген тұрғыны, студент, жастар, қарапайым жұмысшы үшін де үлкен сома деп есептейміз», — дейді наразы топтағы адамдардың бірі. 

Сонымен қатар, жүргізушілер автобусқа алдыңғы есікпен кіріп, артқы есікпен шығу туралы ережені алып тастауды талап етті. Олардың сөзінше, жүргізуші мұндай жағдайда артқы есікпен шығып бара жатқан жолаушыны көре алмай, оны есікпен қысып қалуы мүмкін.  

"Қостанай тұрғындарынан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз! Түсініп, кешіріп, бізді қолдауын сұраймыз! Дәл қазір сіздердің қолдау қажет", — дейді жүргізушілер.

 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега