Өңір

Құланда малдың қырылуына кім кінәлі?

ҚұландағыМақпал тауының етегін жайлаған Шолақ қайың, Өрнек және Сәлімбай ауылдарыныңтұрғындары малдарының қара өкпе болып қырылып жатқанына Мақбел кен орнынанкварцит өндіріп жатқан «ҚазПромЛит» компаниясын кінәлап отыр.

Jasalash.kz

Мақпал тауындатөрт жылдан аса уақыттан бері тауды жарып, тасты уатып, кварцит өндіруменайналысып жатқан бұл кәсіпорынның зардабын тартып отырған үш ауылға арнайыбарып, тұрғындарымен тілдесіп қайтқан едік.

Болат БАЙКЕЕВ, Өрнек ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы:

– Мақбелкен орнынан кварцит өндіріп жатқан «ҚазПромЛиттің» қоршаған ортаға, малғазиянын көзімізбен көріп, басымыздан өткеріп келе жатқанымызға үш жылғажуықтады. 2018-дің көктемінде ауылымызда уақ малдар белгісіз жағдайда қырылабастады. Бәрі қара өкпе болып өлген. Малдарының қара өкпеден қырылуынауылдастар тауда кен өндіріп жатқан кәсіпорыннан көреді. Мысалы, Өрнек ауылында– 1600, көрші Сәлімбай ауылында 760 адам тұрады. Сол кездегі есеп бойынша ауылазаматтарының иелігінде 96 250 уақ мал болды. 4200 гектар жайылымдық жер бар.Қазір ауылымызда мал басы кеміп, жайылымдық жер де тарылды. Бұл кәсіпорын таужақтағы жайылымды улап бітті. Айталық, олар кен өндіріп жатқан таудыңбөктерінде екі бұлақ бар. Олардың қалдықтары сол бұлаққа төгіледі. Ал олбұлақтың суы етектегі үш ауыл – Шолақ қайыңды, Сәлімбай және біздің Өрнекауылының арық суына келіп қосылады. Оны ішкен мал жаппай қырылды. Екі жылқатарынан уақ малдары қара өкпе болып қырылып, биелер іш тастап, көресіні осыкен орнынан көріп отырған үш ауыл тұрғындарының зарын тыңдар құлақ болмай тұр.Қазір ауылдағы ағайын тау жаққа малдарын жаймайтын болды. Әйтпесе қаншамажайылымдық жер бос жатыр. Ол жаққа малын шығарайын десе, алдыңғы жылдардағыдайқырып аламын ба деп қорқады.

    Ауылдастарымыздың малы жаппай қырылғаналғашқы жылы жанайқайымызды облыс басшылығына айтқанбыз. Бұл бойынша 2018 жылы25 қазан күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтен «Т.Рысқұловауданындағы Мақбел кен орнынан кварцитті өндіруге, жер қойнауын пайдалану операцияларынжүргізу кезінде пайдалы қазбаны тасымалдау жолдары Өрнек ауылына жақынорналасқаны, оның келтіретін зияндары әсерінен тасымалдау жұмыстарына қарсыекендеріңізді білдіріп жазған өтініштеріңіз бойынша құрамында облыстық экологиядепартаменті, аудандық прокуратура, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар жәнетабиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері бар жұмысшы тобымен зерделеніп,аталған жер қойнауын пайдаланушыға кеніштен пайдалы қазбаны тасымалдауға басқажол ұсынылғанын хабардар етеміз» деген жауап алдық. Бірақ Орынбековті тыңдапжатқан олар жоқ. Өздеріне ауыл сыртымен тасымалдауға ұсынылған жолмен анда-сандаболмаса, ел ұйқыда жатқанда түнделетіп негізгі жолмен тасып жүрді. Олардыбірнеше рет ауыл азаматтары ұстап алды. Биыл көктем шыға «ал қайтесіңдер»дегендей ескі әуендеріне қайта басып отыр.

Айдар ЖЫЛҰЗАҚОВ, Сәлімбай ауылының тұрғыны:

–  Екі жылды қоса есептегенде, иелігімдегі 20шақты ешкі қара өкпе болып өлді. Бәрін сойып көрдім, өкпелері бір уыс болыпбүрісіп қалған. Сол жылдары жалғыз менің ғана емес, көршілес үш-төрт ауылданбіршама мал қырылып қалды. Оны ауылдастар тау бөктерінен кен өндіріп жатқанкәсіпорынның қоршаған ортаға зиянынан деп отыр. Олай болатыны – біздіңжайылымымыз тау бөктерінде. Кен орнының қалдықтары таудан ағып келетін арықсуына төгіледі. Оны ішкен мал қара өкпе болды. Малдың қара өкпеден жазылуы өтеқиын. «Мал ашуы – жан ашуы» деген емес пе, ауыл азаматтары бұл мәселені солкезде де көтеріп, олар былтыр жұмыстарын тоқтатқандай болған. Биыл көктем шығақайтадан КамАЗ-дарымен көшені шаңдатып бастады. Біз бұған қарсымыз. Өздерінеайналма жол салып алсын. Бұл кен орнының мұндағы ауылдарға көк тиын пайдасы тиіпжатқан жоқ. Мейлі, пайдасы құрысын, бізге зиянын тигізбесе дейміз. «Аузы күйгенүрлеп ішеді» дегендей, биыл тағы да малымыз қырылып қала ма деп қауіптеніп,ерте көктемнен шырылдап жатқанымыз сондықтан. Олар онсыз да өткен жылдары өлгенмалымыз үшін ешқандай өтемақы төлеген жоқ.  

    Осы Сәлімбай ауылының тұрғыны ЕрболҚожамбердиевтің де 80 бас уақ малы қара өкпе болып өлген екен. Аталған кенорнының қоршаған ортаға зиян екенін айтқан ол кәсіпорынның қалдықтары төгілетінаумақта балықтардың да жаппай қырылып қалғанын айтады. Осылайша «көресінікварцит өндіріп жатқан кен орнынан көріп отырмыз» деген үш ауылдың тұрғындарытас тиелген жүк көліктерінің ауыл маңынан өтетін негізгі жолмен жүруіне қарсы. Біріншіден,қоршаған ортаны ластап жатыр десе, екіншіден, ауыр жүк көліктері жолдыталқандауда.

    Бұл ретте кәсіпкер Теңіз Шынтаев өздерінешаң жуытпайды. Өрнек ауылына дейін жүрулеріне болатын мемлекеттік актісі барекенін алға тартқан ол оған сол маңда қоныстанған 30-ға жуық шаруашылық иелеріқол қойғанын жеткізді. Әрі кварцит таситын жүк көліктері ауылдың сыртыменайналып өтеді деп отыр. Құжаттары қанттай екенін алға тартқан ол бұлжобаларының қоршаған ортаға қандай да бір нақты зияны жоқ екенін дәлелдейтін экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі берген куәліктері де бар екенінайтады.

    Бірақ кәсіпкердің бұл уәжіне Өрнек ауылыақсақалдар алқасының төрағасы Болат Байкеев аталған шаруашылық иелері бұл кенорнының мұншалық зиянын, зардабын білмей қол қойғанын, қазіргі таңда олар тайлы-тұяғыменқарсы болып отырғанын айтады.   

    Ал аудан басшылары осы даудан кейін басқажерден жаңа жол түсіру жайын ойластырып жатқан көрінеді. Бірақ ол жол көршілесбасқа ауылдың маңынан өтетіні айтылуда. Оған олар өре түрегелуге дайын отыр.Сондықтан бұл дауды құландық шенділердің «өгізді де өлтірмей, арбаны дасындырмай» шешіп беруге шамалары келе қояр ма екен? Мұны енді алдағы күндерібілетін болармыз.  

Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы

  

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега