Өңір

Құланның әкімі қызметімен қош айтыспақ

Жамбылда жұптасып қаржы жымқырған ерлі-зайыптыәкім-кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкере болды.

Jasalash.kz

Т.Рысқұлов ауданыҚұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Иманбаев заңды некедегі әйелі МаралЕсқожаның «Жарық құрылыс компания» ЖШС-на бір көзден 11 мәрте, жалпы сомасы 23миллион теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырысты жеңіп алып берген. Жамбылоблысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істержөніндегі тергеушісі Дәурен Сәбиевтің айтуынша, әкімнің осынау іс-әрекеті ҚРмемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабы 1-бөлігі 2,4 және 5 тармақтарыбойынша мемлекеттік қызметке кір келтіру деп бағаланған. Осыған орай оныңүстінен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойыншадепартаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі қарап, сәуірдің 9-ы күні кеңес отырысыныңшешімімен жұбайымен жұптасып қазына қаржысына қол салған құландық әкімМ.Иманбаевты атқарып отырған лауазымынан босату туралы аудан әкіміне ұсынымжолдаған.

Өз кезегіндеТ.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов әйелінің атынан табыс тапқанәкімнің әрекеті бойынша тиісті орындарға құжаттарын өткізгенін, осы ұсыныснегізінде Құлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Иманбаев қызметінен босатылатынынжеткізді.

Нұрболат ӘЛДИБЕК,

Жамбыл облысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега