Сараптама

Құлбек ЕРГӨБЕК: Байшыкештер Түркістаннан пайда тапқысы келіп, кесенеге ұмтылуда

– Құлбекаға, сұхбатымызды киелі Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуынанбастасақ.

Jasalash.kz

Жалпы, сіз бұл қалаға Алматыдан қашан қоныс аудардыңыз?Сол кезбен салыстырғанда бүгінде, әсіресе осы бір үлкен жаңалықтан кейін неөзгерді? Қала өмірінен, тыныс-тіршілігінен, оның тұрғындарының әрекетіненқандай да бір өзгеріс байқадыңыз ба?

– Түркістанға 1992 жылы біржолатақоныс аудардым. Алдымен Түркістан университеті болып ашылып, араға жыл салыпҚ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне айналған білімордасының тұңғыш ректоры М.Жұрыновтың шақыруымен келдім. 1991 жылы шіліңгіршілдеде Н.Назарбаев, И.Кәрімов, А.Ақаев Түркістанда бас қосты. Жиын соңында елбасытүркі халықтары президенттері бұдан былай жыл сайын Түркістанда бас қосыптұратын боламыз деп түйді. Түркістанға арнайы мәртебе беру мәселесі де осыжиында айтылып қалды.

 Мені Түркістанға біржолата байлап кеткен президенттердіңосы кездесуі болды. Берілген уәде көп еді. Бірақ араға  бір жыл салып соның бәрі ұмыт болды-ау… 1992жылдан 1999 жылға дейін Түркістанда жылда қала әкімі ауысумен болды. Жұмыс еш ілгерілегенжоқ. Облыс әкімдері президенттің сөзін елең қылмады ма, әлде сол кезгі ахуалсондай ма, әйтеуір, кеңестік кезеңде «өлген» Түркістан өлеусіреп қана тыныс алыпжатты. Қасиет тұтар қалаға тағайындалар әкімдер де кісілік  шеңберіне сыя қоймайтын, әйтеуір, қуыс кеуде тіріжандар. Арасында әкім болған күннің ертеңіне «Түркістан – өзбек халқының кішіОтаны» деп жібергендер де болды. Қысқасы, 1999 жылы Оңтүстік Қазақстанға БердібекСапарбаев әкім болып тағайындалды. Аузынан шыққан бірінші лепес: «Түркістандай көне қаласы бар ел – руханибайлықты ел. Түркістанның 1500 жылдығы айтыла беріп, басылып қала береді. Бізқалай болғанда да, көне қаланы қайта оятамыз. Президент тілегі де, міне, осы».

  Ол келе сала Түркістан қаласына әкім етіп Өмірзақ Әметұлын тағайындады. Өмірзақіскер азамат болып шықты. Келген күннен бастап  тыным таппай, Түркістанды түлетудің жолынатүсті сабазың. Құттықтай кірген бетім. Қолымды алып тұрып, заматында қызметкешақырды. Сол жылдары аудан-ауданның әкімі орынбасары «Руханият мәселелеріжөніндегі орынбасар...» аталып, кабинет сыртындағы анықтама қайта жазылып жатты. Мен де солардың бірінеайналдым. Содан Түркістан дүрілдеп өсті. Жоқ, оны менің орынбасарлығымнанбасталады дегелі отырғаным жоқ. Тіпті де олай емес. Себебі мен Өмірзақ Әметұлысынды  күні-түні ұйықтамайтын«дию-әкімнің» іс-қимылына ілесе алмай, аз уақыт қана жұмыс істеп, облысқаауысып кеттім. Өмірзақ іскер азамат еді. Айтқалы отырғаным, облыс әкіміСапарбаев қолын байламай, қала әкіміне ерік берді. Ол Түркістанды дүрілдетіпала жөнелді. Осы екі азаматтың арқасында Түркістанның тұңғыш түлеуі – 1999 жыл.Келер жылы Түркістанның 1500 жылдық тойын халықаралық өреде тойладық. Түркістанөз биігіне жаңарған, жаны марқайған күйде көтеріліп келе жатты.

     Біз,өзі, қызық халықпыз ғой. Көп ұзамай облыс әкімі,  іле-шала қала әкімі ауысты.  Түркістан баяғы бір дүрк етіп өсіп, сәл өсіпбарып басылып қалған қалпында ауру кеудедей бір көтеріліп, қайта басылып, жеттіоблыс орталығы мәртебесіне… Енді шындап өсіп бара жатыр. Өмірзақ Шөкеев келгенненбері қарай!  Оған да шүкір.

Облыс орталығы мәртбесін алғаннан кейін онда ауқымды іс-шаралар,қарқынды құрылыс басталды. Бұл, әрине, жақсы. Алайда көнені жаңғыртамыз деп,ондағы небір батырлар мен билеріміз және хандарымыздың сүйегіне не болмаса ҚожаАхмет Ясауи кесенесінің өзіне, оған қарасты тарихи мұраларға зиян келтіріпалған жоқпыз ба? (Біраз уақыт бұрын кесене құлағалы тұр деген мәселе көтеріліпеді?) Ол жағын қадағалап отырған адам бар ма? Құнды жәдігерлердің аяқ астынемесе қолды болмауына қатысты сақтық шаралары жасалған ба?

Елбасы жарлығы – тарихиқұжат. Бірақ әбден кешігіп, өте кеш шықты. Біздің билік қашанғыдай эстрадалықмінезде еңбектенеді. Науқаншылық! Түркістан науқаншылыққа көне ме? Көнбейдіғой. Елбасы берген уәдеден кейін қаншама хат жаздық. Түркістанға арнайы мәртебеберу жөнінде. Жоғарыдан үп еткен самал болмады. Кешігіп елбасының жарлығышықты. Жұрт дайындықсыз Түркістанды облыс орталығына айналдыруға ойланып,толғанып, әлемдегі  көне қалалардыңрухани орталыққа айналу тарих-тәжірибесін зерделемей-ақ кірісіп кетті. Онсыз дажүдеу Түркістан біраз әбіржіді. Бағзыдан жеткен тарихи жәдігерліктер қиратылды. Жаңару кезінде Түркістандай жәдігерқаланың табиғи ерекшелігі ескерілмеді. Оларды мен бұрқыратып әлеуметтікжеліге жазып жаттым. Ағымдағы баспасөз бөліп-бөліп көшіріп жариялап жатты.Қала, облыс әкімі тарапынан оң шешім алынды. Қазір Түркістан «жыры» бір арнағатүсе бастады.

     Мавзолейдіңәр жерінен жарықшақ көріп, ыза судан сорланған қабырғаның жайын айтып дабылқақтық. Жарылу себептерін анықтап, тиісті сақтық шараларын жасауды қолға алдық.Кесененің жақын айналасына құрылыс түсіртпеуге жіті көңіл бөлдік. Түркістанның1500 жылдығы кезінде мәдени мұра жөнінен түсінігі мол Б.Сапарбаевпен ақылдасаотырып қаланы қақ жарып өтетін қақыра (магистральды) жолды 15 шақырым шамасындақала сыртына шығардық. Себебі мавзолейдің жарылу себебі ауыр жүк тиегенавтокөліктің іргеден өтуіне байланысты. Біздің мақсат кесенені содан құтқаруболды. Ендігі әкімдер осы тәжірибені бетке алып мавзолейдей, аяулымыздың айналасын аша берсе дейміз Жоқ. Олайболмады. Біз сүргізіп тастаған ескі перзентхана орнына жаңа қонақүй түсті. Оныңжанына жұрт демалатын саябақ бұзылып, орнына музей салынды. Түрік ағайындар мавзолейгетақау әкеліп, әдемі мешіт салды. Біз болмайды деп қасарысамыз. Жанталасыпжоғарыға жазамыз. Байшыкештер жобасын қолына алып, туризмнен пайда тапқысыкеліп,  жанталаса, кесенеге қарайұмтылады. Бұл не? Бұл, біріншіден, бүгіншілдік. Бізді құртатын – осы қуқұлқынды ойлаған бүгіншілік. Ертеңді ойламаймыз.

   Күні ертең оқыған-тоқыған, иман-сауаптыбілетін мәдениеті мелдектеген ұрпақ келеді де,  ол құрылыстың бәрін сүріп тастайды. Неге?Негесі сол – ол аумақта кешегі Қазақ хандығы қабаты, оның арғы тереңінде АлтынОрда қабаты жерасты құланды «қалалары» жатыр. Бір жерінде хан сарайы, бір жерінде мешіт, тағы бірінде кітапхана,бұхара  кварталы… Оны Мәскеуге қарап,мойынсынып қалған біздің археологтар бүгін ашуға дәрменсіз болып келді.

  Күні ертең тәуелсіз Қазақ елінің ілім-біліммен қаруланған азат ойлыархеологтары қазады, ашады. Сол кезді неге ойламаймыз? Біз негебүгіншілміз?  Ертеңді ойласақ қайтеді бірмезгіл? Біз бұл алып құрылыстармен кімді таңғалдырмақпыз? 

  Бүгін «Түркістанға жәрдем»девизімен облыс-облыс құрылысшылары мавзолейге бұрынғыдан да жақындап, тіптіЮНЕСКО бойынша қорғалатын 88 гектар аймаққа кіріп барамыз.

– Жалпы,қаланың келбетін жасау барысында архитекторлар мен тарихшылар арасында екітүрлі көзқарас тартысқа түсті: бірі оның тарихи келбетін сақтау керек десе,(кесенеден биік үй салмау) екіншісі модернизациялауды ұсынды. Сіз қай жағынқолдайсыз? Жалпы, осы мәселеде қаланың, облыстың зиялы қауымымен ақылдасып,кеңесті ме?

–  Рух сәулеткері Өзбекәлі Жәнібек  «Менің орталық комитетте отырғаным немдіалған? Одан да Түркістанды бетке алып барып, жәдігер шаһарды рухани орталыққаайналдыруым керек еді ғой?!» деп аһ ұрғанына куә болғаным бар кезінде.Жазбаларында да Түркістан қала хатшысы (ол кезде хатшы) қандай  адам болуы керектігі жайында ой сабақтайды.Рух сардарының пікірі әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы»трактатындағы ойлармен сабақтасады екен.  Бұл нені білдіреді? Бұл Түркістан көп қаланыңбірі емес, тарихи қала, оны түлету де тарих көзімен қарап, жүзеге асуы керекдегенді білдіреді. Түркістанға кім көрінген әкім бола алмайды деген сөз.

Зиялы сапында бармыз-ау. Зиялыатаулыны жиып алды да, бірер рет жиналыс өткізді. Құдайдың зарын қылып ұсынысайттық. Аяғында өзімбілермен шешім белең алды. Тіпті бізді былай қойғанда,дүниежүзіндегі көне қалалардың қайта жаңғыру тәжірибелері ескерілмеді.Түркістан архитектурасы Алтын Орда дәуірінің сән сәулеті дәстүрінде болғанда қайтереді? Ол ескерілмеді. Ортағасырлық мұсылман сәулет өнерінің қайта өрлеуінтуғызған архитекторлар (Агахан секілді) тәжірибесі қаперге алынған жоқ-ау.Советтік архитектура шәкірттері шоқытпасымен Түркістандай аяулымызды жаңғыртасалуға кірістік те кеттік.

– ТүрленгенТүркістанды жасауға шетелден архитекторлар шақыртылды ма? Жалпы, солай ету орындыма? Текке қыруар қаржыны сарп етіп алмаймыз ба? Өзімізде осы жағынан мамандарқаншалықты? Реставраторлар мен архитекторларжеткілікті ме?

– Кім білсін? Қит етсе болды, шетелденмаман шақыру керек дейтін болдық. Шамасы, өзіміздің мамандарға сенбейміз. Жаңақала салуымыз керек пе, шетелден маман шақырамыз. Ғылым жасауымыз керек пе, сырттанмаман шақырамыз. Сонда бізде 30 жыл беделінде жібі түзу маман дайындалмағаныма?  Енді, міне, көне Түркістан. Шетелденархитектор (сәулетші деп жүрміз) шақыру? Олар сенің ұлттық пішін, ұлттық мазмұн– тұтас ұлттық болмысыңды түсіне ме?  БекЫбыраев сынды ойлы азаматтар тұрғанда, шетелден маман шақыру шарт та емес.Еркін Жүсіпов те жерде жатқан архитектор емес. Түркістанның 1500 жылдығы кезіндеқала архитекторы болып тәжірибе жинақтаған. Бірақ оны кім тыңдап жатыр?! Мәселешетелдік инвесторлармен «ақша бөлісуге» сая беретін секілді ме, қайдам?! Ал жаңғыртушыға (реставратор) келсек,Қанат Тұяқбаевтан артық жаңғыртушының керегі не бізге?  Ол – Андрей Вознесенскийдің тілімен айтқанда,«рух архитекторы» дерлік Өзбекәлі Жәнібектің көп жыл тәрбиелеген шынайышәкірті. Жоғарыда айтқандай, біз дабыл қағып жүргенде, Қанат Тұяқбаев ісбасынан шеттетіліп, мавзолейді жаңғыртудан сырт қалған болатын. Қазір облысбасына Шөкеевтің келуімен Қанат Тұяқбаев та қайта кірісті-ау іс басына. Ендідұрыс болар деп шамалаймын.

– Түркістанныңдамуына жеке өз басыңыз қандай үлес қостыңыз? Алға тағы қандай жоспарларыңызбар?

– Менің басыбайлы түркістандықболып тіршілік кешіп келе жатқаныма да 30 жылдай уақыт болды. Түркістанға қонысаударғалы 20-дан астам бірінші хатшы, әкім ауысты. Көбісі кездейсоқ жандар. Түркістандықелдес, жерлестерім секілді ылғи ілгері үмітпен өмір сүріп келемін. Нендей үлесқостым?  Ең алдымен, мен  – ағартушымын. Қазақ балаларын, қазақ қанаемес, бірсыпыра түрік ұлт-ұлыстары балаларын оқыттым. Қазір әлемнің әр шалғайында еліне қызмет етіп жүргеншәкірттерім бар. Олардың біразы өзім сияқты журналист, жазушы, аудармашы. Ара-арасындаменің еңбектерімді өз тілдеріне аударып, кітап етіп шығарып жатады.

Одан өзге, ұстазым, қазақтүркологиясының басында тұрған «профессор Бейсембай Кенжебайұлының түріктанумузейін» аштым. Дүние-ғаламдағы тұңғыш түркологиялық музей. Ұстазын құрметтеужөнінде мен де дүниежүзінде болмаса да, қазақта біріншілікте тұрмын-ау, осы…Музей тұсауын Бейсекеңдей әзіздің  тумашәкірті, профессор  Мырзатай Жолдасбеков,татардың тамаша ғалымы (Бейсекең шәкірті деуге болады), академик Хатип Миңнеғұловкесті. Ол аз десеңіз, «Түркітілдес халықтар кітапханасын» жасақтап, аштым. Онда26 түрік ұлт-ұлыстары тілінде басылып шыққан 46 мың кітап қоры бар. Жер бетіндекездесе қоймайтын кітапхананың тұсауын «Халықаралық қазақ тілі қоғамының»төрағасы, академик  Өмірзақ Айтбайұлы(жақында марқұм болды), екі мәрте Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚРпрезидентінің «Бейбітшілік және татулық сыйлығының» иегері, жазушы НасырФазылов кесті. Содан соң «Түрік халықтары өнерінің галереясын» жасақтадым.

Түркістанның дамуына сондай-ақинтеллектуалдық қуатымды жұмсап, идея қостым. Ол қалай дейсіз ғой? Түркістандытүлетуге ертеден түрік  жұрты, әсіресетүркиялық саналы бай-бағландар ынталы болды. Көзіміз көрді. Жиған ақшасынТүркістанға әкеліп құрылыс салғысы, бір іс бастағысы келеді. Өзін қожасы сезінетінқаланың әкімі сол сырт ағайыннан да адамның аузы ауыратын мол сомада «шапка»сұрап, жолын бөгеді. Содан ой түсіп, Түркістанның әкіміне барайын. «Қазақ жетілді. Қазақ байлары ақшасынқайда жұмсарын білмейді. Қазақ байлары ұрлап-жырлап жиған байлығын өз халқынанала қашып, шетелге сақтап жүр. Біз соларды Түркістанға шақырайық» деймінкәдімгідей мәселе көтеріп. «Қалайша?» дейді әкім басын алдындағы ақ қағазданкөтеріп. «Түркістанда жер жетеді. Қала маңынан бір қалашық салатын жер бөлдір.Инфрақұрылымына, аурухана, ағарту саласына уәде ет мемлекет есебінен. Жалпақ Қазақеліне сауын айт! Түркістанға келіп тұрамын, еңселі үй саламын деген азаматтарға20 сотық жер тегін. Әсіресе қазақ зиялысы ойлансын. Жалпы, түрік зиялыларықоныс аударып, Түркістанға жайғасамын десе де, жағдай жасаймыз. Келіңіздер!Түркістанды көтеріңіздер! Сөйтіп, өздеріңіз де Түркістандай жұмақ жердежасаңыздар!» де. «Сонда?» дейді ол сұраулы жүзбен.  «Сонда ақшасын қайда  жұмсарын білмейжүрген байлар Түркістанға ақша салады. Түркістанды көтереді. Еңсе көтергенТүркістан қазақтың ғана емес, түркі халықтарының рухани астанасына айналады.«Тамаша идея екен. Ойланайық. Жүзеге асырамыз»  деп уәде беріп қалған еді.

    –Сосын не болды? Жүзеге аспады ма?

  – Суаяғы құрдым, қарағым. Себебін Түркістанның бір кездегі бес жыл басшылық жасағанәкімі, бүгінгі парламент депутаты, «Ауыл партиясының» жетекшісі Әли Бектаевтансұрарсыздар. Иманды азамат қой. Айтар. Айтпақшы, Түркістанда екі балабақша, бірмектеп салып, іске қостым.

– Сізкәсіпкерсіз бе?  Ғимараттар салуғақаражатты қайдан табасыз?

Менің сырылдаған кеудемдіалға сүйреп келе жатқан – қанымдағы ұлтшылдық, түрікшілдік, отаншылдық.Уәдесінде тұрып, іс басында жүрген Бердібек Сапарбаев қаржылай жәрдем берді. Бұныбір деңіз. Сосын, айналайын мемлекеттен алып тоймайтын, есебін тауып халықтыжеуін қоймайтын жалмауыз банктерден 20-15 пайыздық тиімсіз несие алып, әлгімәдениет ошақтарын салдым. Бүгінде мойнымда 50 млн теңге қарыз бар.

Сұхбаттасқан Мәриям ӘБСАТТАР 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега