Құмар ойындарының құрбаны қашан азаяды
Біреудіңтабыс көзіне, өзгенің қарғыс сөзіне айналған ойын автоматтарын бүгінде әрбір екіншідүкеннен кездестіретін болдық.
Қашан карасақ та, алды толған ойыншы. Бесіктенбелі шықпаған жеткіншектер арасында бойы сорайған қарадомалақ жігіттеріміз де «тисетерекке, тимесе бұтаққа» деп, бағын сынап жүр. Бәрінің де қара терге батпай-ақоңай олжаға кенелгісі бар. Алайда нарықтың автоматы да оңайлықпен кез келгендібайлыққа белшесінен батыра қоятын «ақымақ» емес. Бәрінен де ойын автоматтарыныңкез келген жерде тұруы заңға қайшы.
Иә,автоматтардың жанынан өте бере «тиын-тебен салып көрсем қайтеді, кім біледі, бәлкім...»деп ойланатынымыз рас. Шындығында, әлгі әуелгі ой құмарпазды құрылғы маңынажетектеп әкеліп, «саудасьн бітіреді». Олар түгіл, мұндайдан аулақпын деген«періште» жанның өзін де құлағы күнде есіте бермейтін сыңғырлап төгілгентиындардың жағымды үні елітіп әкетеді.
Әрдайым көпақшаның иісі бұрқырап тұратын аппаратқа саусағыңыздың ұшын тигізген сәттенбастап санаңыз, бұл әлемнен мүлде бөлініп, енді өзіңізге өзіңіз билік етеалмайтын халде тек құмарпаздарға таныс жаһанға еніп кетеді екенсіз. Ойынкезінде кісінің миын тек ұту мақсаты билеп, бар қуат соған ғана жұмыс істейді. Ашыққанмысықтың тышқан аулайтынындай, ойыңызды әйтеуір «жемтік» іліктіру аңсарыдендейді. Сөйтіп, ойын алаңындағы жанды адам мен көк темірдің арасындажекпе-жек басталады. Бұл кезде нақты өмір мүлде ұмытылып, өз алдына жырақта қалыпқояды. Жай ғана кызығушылықтан басталатын ойын процесі енді мидың барлық қатпарындатолық патшалық құрып, ойыншыны әбден дегбірсіздендіріп, қатты қобалжытуға дейінапарады. Ойын сәті қиындаған сайын адам оған дес бермеуге тырысып, өршелене түседі.Сөйтіп отырып қалтасы қағылғанын да сезбей де қалады.
Осы орайда,ойыма құмарпаздық шаңырақты шайқалтып жібергендігі туралы оқиғалар келеді. Отбасыменсүттей ұйып отырған жанұядағы ері бірде автоматқа айлығын тұтас салып жіберіп,соңынан опық жепті. Қарызға батыпты. Қарызын сұрағандардан қашып, бөтелкеге ұрыныпты.Ең соңында шаңырағы шайқалумен тыныпты. Баспанасыз бейшараға айналыпты. Сөйтіп,оңай олжаға құмарлық кей бейбақты барынан ажыратқан оқиғалар күнделікті өмірдежетіп-артылады.
Тетікті жұлқыпжібергенде не болатыны белгісіз. Барлығы да сап құратын кездейсоқ сандар заңынабайлынысты. Сондай-ақ ұтыстың жалпы сомасы автоматқа орналастырылған бағдарламамен 82-94 пайыз салынатын қаржы мөлшеріне де байланысты болып келеді. Джекпотқақарағанда, әдетте орташа ұтысқа жету мүмкіндігі мол. Комбинациялардың жалпысаны – 8000, ал олардың 12-сі ғана ұтыс әкеледі. Батыс стандарттары бойынша,ойын автоматы жүлде ретінде тігілетін ақшаньң 75-99 пайызын беруі тиіс. Ресейзаңы ұтысқа 75 пайыз тігілуін талап етеді. Ал бізде бұл мәселе заң бойынша өзшешімін таппаған. Десек те, ойын автоматының мерейі үнемі үстем бола бермейді,оның да ойыншыдан таяқ жейтін кезі аз емес. Автоматты дегеніне жүргізіп, ішіндегісінтүгел суырьш алатын шеберлер де бар. Сөйтіп, бұрын бейнетін тарттырған ойыншығазейнетін де сездіріп, алдаусыратып қояды.
Көпойыншыларға ойынның нәтижесі емес, керісінше, ойынның өзі, ойын процесі әлдеқайдамаңызды әрі қызықты екен. Сол себепті олар қалтасының қағылғанына, ойынының«осылғанына» анау айтқандай қайғыра да қоймайды.
Әдетте жолыболатындар «тәуекелдің нары күшті» деген бабалар нақылын ұрандатып бағын сынайтындар.Кейде жаңадан ойнап жүргендердің қолы жүріп береді. Назар аударатын жағдай, бipрет ұтьш, оңай олжаға кенелген жан сол күйінше жөніне кетудің орнына, ал ұтылғанкісі машинадан ендігәрі аулақ жүрудің орнына екеуі де сол сәтінде автомат тұтқасынақайта жармасады. Ойын автоматы иелерінің күні де осы – тойымсыздық. Күндердің күніipi ұтылысқа әкеп соқтырып, тентіретіп жіберетін қанағатсыздық.
Ойынавтоматы тұтқасына қолы жететін мектеп бүлдіршіндерінен бастап, мамандығы әртүрлі алашұбар үлкен бір топтың өмірінің арқауынаайналып отыр. Баланың аты бала дейік, ал отбасының ырысын аузынан жырьш,автомат көмейіне тоғытып жүрген отағасыларға жол болсын!? Солардың қамы үшін ғой,осының бәрі дегенді ұялмай сылтауратқан әке де, жарытымсыз зейнетақының бетіне қарапотырған таяқ ұстаған зейнеткер де, дәулетін қайда шашарын білмей абыржығанбизнесменің де, әйтеуір, осы ойынға ынтызар. Сондықтан күнделікті «тіршілікэкранында» осындай үлгілердің нұсқасын көріп жүрген балаға неге автоматқа үйірсің,ендігәрі аттап басушы болма деп жекудің өзі қиын.
Құмар ойындарғадеген зауықтың арты кісіні кесепаты маскүнемдік, нашақорлықтан еш кем емеслудомания кеселіне шалдықтырады. Лудомания – зау биіктен ceкіріп кетуге ессіз кұмарболу әуейілігі. Қорқыныш, үміт, уайым, жұбаныш, үрей, тағатсыздық пен қобалжуараласқан біртүрлі көңіл күйін сезінуден ләззат алатын санадағы ауытқу.
Ресми емес деректерге сенсек, бұлкесел алкоголизммен қатар тұр.Дәрігерлердіңайтуынша, құмарпаздың өміріндегі қуаныштың80 пайызын ойын автоматтарынан ойнау арқылы аладыдейді. Алайда ойын аппараттарына тәуелді екенін бірде-біреуі мойындағысыкелмейді. «Жұмыстан кейін демалғымыз келді. Психологқа жүгінетіндей сырқат емеспіз.Ертең дәл осы маңайға қайта оралмасымызға ол бәpiбip кепіл бола алмайды. Айтпақшы,біз ешкімді зардап шектіртіп, зиян тигізіп жүрген жоқпыз» деп, қырық түрліжелеу айту әдеттері.
P.S. Алайда осы тажалға берік тосқауыл қою үшін, ең алдымен, сана өзгеруікерек. Ересектердің өзі – ата-аналар ойынқұмарлық тәрізді дінімізге қайшы, ұлтымыздыңсау ағзасын бүлдіріп жатқан дерт екенін ұқса қане! Әрбір ата-ана балағамейлінше ойын автоматтарына жоламауға кеңес берсе дұрыс болар еді.
СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?
Бейбітгүл ЖҰРЫНОВА, педагог-психолог:
– Ондайадамдарды темекіге, ішімдікке, есірткіге тәуелді жандар ғана түсіне алады дередім. Бip нәрсеге шектен тыс мойынсыну қиын нәрсе. Маскүнем арағын, нашақорecipткісін қалай тастай алмаса, ойынқұмар адамдар автомат жанынан ұзатпайтын нәрсе– өз «достары» санайды. Балалардың шоколад пен сағызға әуес болатынындай, ойынқұмарадамдар да қалтасындағы соңғы тиын-тебенін қағып автоматқа салады. Бармақшайнап қалған кездерінің өзінде де, олар алған бетінен қайтпайды. Оларға арнайыдәрістер өткізіп, мейлінше көп ақыл-кеңес беру керек.
Нұрлан Нұрым, Алматы қаласының тұрғыны:
–Автоматпендостасқан адам тәуекел деп тас жұтуы керек. Себебі ол сені кез келген сәттемазақ қылып, ойламаған жерден қарық қылып жіберуі де ықтимал. Бірнеше рет елумың теңге салып, бодауына бес жүз шығара алмаған сәтім болды. Ал елу теңге беріп,бес мыңын тартып алған кездерім де бар. Кейде осы ойын автоматтарына күнде біррет келмесем, досыммен сырласпағандай күй кешетінім бар. Бұның жақсы емесінбілемін. Бірақ…
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ