Өңір

Құран оқытып, ас берген үй иесі жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында батаға жиналған 30 адам карантингежабылды.

Jasalash.kz

Үй иесіне қатысты сот әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша қаулышығарды – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлап отыр.

Облыстағы ақпарат орталығының мәліметінше, батаға жиналғандардыңішінде коронавирус инфекциясы анықталған жергілікті тұрғын да болған.

«Жиналған30 адам үйлеріне карантинге жабылды. Вирус анықталған адамның үйінің маңайытолық дезинфекцияланды. Адамдарды тексеру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр»,– деп жазылған ақпаратта.

Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимінбұзбауға, салт-дәстүр және өзге де халық көп жиналатын іс-шараларды тоқтататұруға шақырады. Бұл шектеулер тұрғындардың қауіпсіздігі, вирустың таралмауыүшін қойылғанын ескертеді.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега