Қоғам

Депутаттық мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: gov.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Бүгін Құрылтай депутаты Татьяна Савельева депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Татьяна Савельева Құрылтайдың бірінші шақырылымына 23 тамызда өткен сайлаудан кейін "Әділет" партиясының тізімі бойынша сайланған. 27 тамызда Орталық сайлау комиссиясы оны Құрылтай депутаты ретінде ресми тіркеген.

Құрылтайдағы жұмысында Савельева Қаржы және бюджет комитетінің құрамына кірді.

Сайт Әкімшілігі