Өңір

Қуыршақ әкімдер көбейді, не тесіп тұр көкейді?

Соңғыжылдары ауыл әкімдерінің құзыры кеңейді. Мәслихат арқылы сайланады. Азын-аулықбюджетке ие болып, тендердің де мәселесін өздері шешетін болған.

Jasalash.kz

Бірақ бұданөзгеріп жатқан дүние бар ма? Ауылдағы әкімдер сол баяғыша – жоғарыдағылардың«жазылмаған заңымен» тіршілік кешіп жатқан сияқты.

Осыдан бір айдай уақыт бұрынТүркістан облыстық әдеп кеңесінде әкімдіктің ғимаратында карта ойнаған әкімгеқатысты тәртіптік іс қаралды.  Мәселенің мәнісі былай: қаңтарда Шардараауданы әкімінің орынбасары  Б.Шомпиевтің «WhatsApp»-ына Қ.Тұрысбековауылдық округі әкімі аппаратының кеңсесінде аталған ауылдық округтіңәкімі  Ә.Сейдалиевтің жұмыстан тыс уақытта бірнеше азаматпен карта ойнапотырғаны жөнінде видеохабарлама түскен. Осы хабарламадан кейін Ә.Сейдалиевтіңісін қараған әдеп кеңесі оған «қызметіне толық сәйкес емес туралы ескерту»тәртіптік жазасын қолдану жөніндегі ұсынысты тиісті басшыларға жолдаған еді. ШағалалыШардарадағы шенеуніктердің жұмыстан тыс уақытта не ойнайтыны осымен түсініктішығар. Кеңестің өткен аптадағы отырысында аталған аудандағы тағы үш ауыл әкімініңмәселесі қаралды. Бұл жолы шардаралық атқамінерлер қызмет бабында қандай ойын ойнапжүргендерін әшкерелеп алды.

Шардара аудандық қаржы және экономика бөлімініңбасшысы Н.Қалмұратов   былтыр ақпан,наурыз айларында жеті ауылдық округтің әкімдеріне мемлекеттік сатып алу бойыншажарияланған конкурстарда «ASR строй» ЖШС-нің мүддесін қамтамасыз ету жөніндезаңсыз нұсқау берген. Бөлім басшысы бұл аудан басшылығы тарапынан келген тапсырмаекенін алға тартқан көрінеді. Басшылар айтты деген соң, әкімдер мемлекеттік сатыпалуды ұйымдастыру кезінде қолданатын жеке кілттерін, парольдерін жол жөндеужұмыстары бойынша өткен тендерге қатысып жатқан жоғарыдағы компанияның өкілдеріА.Атаханов пен Р.Вахидовқа берген. Нәтижесінде әкімдер  аталған компанияның жалпы сомасы266 336 000 теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурстарынзаңсыз ұтып алуына ықпал еткен. Бірақ арада біраз уақыт өткенде жағдай кілтөзгереді.  Әкімдер  аталған серіктестікпен  екіжақты келісімшартты «3 пайыздық жарна есепшотқааударылмады» деген негізбен бұзады.

Осыдан кейін А.Атаханов пен Р.Вахидов Ұлттыққауіпсіздік комитетіне арызданады. Олар арызда Шардара ауданы қаржы жәнеэкономика бөлімінің басшысы Н.Қалмұратов пен ауылдық округ әкімдерінің өзөкілеттіктерін теріс пайдаланып, жол жөндеу жұмыстары бойынша өткен мемлекеттіксатып  алуда заңсыз іс-әрекетке барғанынкөрсетіпті. Олардың мұнысын қалай түсінуге болады? Мердігерлер уәделеріндетұрмай, орта жолда айнып кеткен шенеуніктерден есе қайтармақ болған ба? Бұлжерде қандай мақсат, қандай мүдде екенін кім білсін, бірақ  арыздан кейін әкімдердің басына қара бұлт үйірілген.Тергеушілер олардың үстерінен қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу кезінде әкімдер өздерінің заңсыз тірлікжасағанын мойындаған.  Барлық айыпталушылартергеушілерге «маған келтірілген күдікпен толық келісемін, кінәмді толықмойындаймын, өкініп жатырмын» деген жауап беріпті. Жеті әкімнің төртеуі, бөлімбасшысы Н.Қалмұратов атқарып отырған лауазымдарымен әдеттегі «заңдылық» бойыншаөз еріктерімен  қош айтысқан (өз еркімендесе де, мұның қылмыстық іспен байланысты екені белгілі ғой). Ақыр соңында  мемлекетке келтірілген материалдық зиянның жоғынескерген тергеушілер қылмыстық істі қысқартып, әкімдердің тәртіптік мәселесінқарауды әдеп кеңесіне жолдаған.

Кеңес мүшелерінің шешімімен қалған үш әкім – Қызылқұмауылдық округінің  әкімі Н.Исаевқа, Ұзыната ауылдық округінің әкімі  М.Мұсаевқа,Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Е.Айдынбаевқа «қызметіне толық сәйкес еместігітуралы ескерту» түріндегі жазаны қолдану жөніндегі ұсыныс Шардара ауданының басшыларынажолданады. Заңсыз тірлікке бару жөніндегі тапсырманы берді деген ауданбасшылары енді әкімдердің сыбағасын да өздері бермек.

Ауыл әкімдерінің алғашқыда мердігер компанияныңтендерде жеңіске жетуіне ықпал етіп, кейіннен оны түрлі сылтаумен шетке сырыптастауы түрлі күдікке жетелейді. Екіжақты құпия келісімді ауыл әкімдері бұздыма, әлде мердігер бұзды ма, ол жағын анықтау енді мүмкін емес. Бір гәптіңболғаны анық. Әйтпесе ауыл әкімдерін аудан басшыларынан келген тапсырманыорындамай құдай ұрды дейсіз бе?   Ауданбасшылары демекші, бұл жағдай Шардара ауданының әкімдігінде болғанауыс-түйіспен де байланысты болуы мүмкін. Былтыр жазда ауданды екі-үш жыл басқарған Болатбек Қыстауов кетіп, оныңорнына Қайрат Жолдыбай тағайындалды. Жаңа әкім келген соң, ауыл әкімдерінеберілетін «тапсырманың» да жаңарып кетуі әбден ықтимал.

Ал егер мердігерлер құзырлы органдарғаарызданбағанда ше? Екіжақты келісім бойынша жылы жабылып кеткен, «бармақ басты,көз қысты» әрекеттер қаншама?! Осы жағдай Шардарада ауыл әкімдері үшін «сенікі,менікі» деген нәрсенің болмайтынын, бәрін аудан басшылары уысында ұстап, өздерішешетінін байқататын сияқты. Шенеуніктердің барлық буыны қағаздағы заңмен емес,бұрыннан қалыптасқан «жазылмаған заңдармен» тіршілік кешіп жатқандай. Олайболса, ауыл әкімдерінің құрығын ұзартып, құзырын кеңейткеннен не пайда?

БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістаноблысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега