Әлеумет

Қымбат қызметтік көлік алған Көлгінов жас маманға қаржы таппай отыр

Сәуірдің2-сі күні өткен үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының аты өте көпайтылды.

Jasalash.kz

Әрине, жақсы жағынан айтылып, басқаларға үлгі ретінде көрсетіліпжатса, қанеки.

Денсаулық сақтау министрі ЕлжанБіртанов алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің қолжетімділігі менсапасы туралы баяндама жасағанда Батыс Қазақстан облысы қайта-қайта «бомбаға» түсіпқала берді. Министрдің әрбір кестесінен бұл өңірдегі медицина саласының жағдайытым мүшкіл екені анық байқалды.

     Мысалға,биыл еліміздегі алғашқы медициналық көмек ұйымдарына 1157 дәрігер қажет. Кестебойынша Қостанай, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тізімнің ең соңындатұр. Қостанайда – 116, Батыс Қазақстанда – 133 және Қарағанды облысында 218 дәрігержетіспейді. Осының салдарынан бір дәрігердің  жүктемесі Қостанайда – 2610, Батыс Қазақстаноблысында –2598 және Қарағанды облысында 2555 адам болып тұр. Бір дәрігер 2,5мыңнан астам науқасқа қарайтын болғаннан кейін медицинаның сапасы қайтіп жақсарсын?Бұдан шығатын бір ғана жол – дипломы бар жас мамандарды аймақтарға көбірек тарту.Бұл жағынан келгенде Батыс Қазақстан облысы тағы да тізімнің соңында тұр.

– Ауылдық жерлерге келген жасмамандарға әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үймен қамтамасыз ету Ақтөбе,Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында өте төмен, – дейді бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.  – Нақтырақ айтсақ, Ақтөбе облысына келген 120маманның 10,6 пайызына ғана, Жамбыл облысына келген 122 жас маманның 13,3пайызына және Батыс Қазақстан облысына келген 64 маманның 18,7 пайызына ғана әлеуметтіккөмек көрсетілген.

Өткен жылы ғана жаңа қызметтік көлікалып, бағасы17 миллион теңгелік KIA Quoris көлігін тізгіндеген Батыс Қазақстан облысының әкіміАлтай Көлгінов осылайша жас маманға жағдай жасауға келгенде дәл сондай жомарттықтаныта алмай отыр. Бұл өңірге келген жас маманның жартысы ғана тұрғын үйлермен қамтамасызетіліпті. Осыдан кейін дипломды жастар бұл аймаққа қалай жоласын? Қалай айтсада, облыс әкімдерінің ішіндегі ең жасы саналатын және «Болашақ» түлегі деп әспеттелетінАлтай Көлгінов жастардың жанашыры болмай тұр.

Жалпы алғанда, Батыс Қазақстаноблысы тұрғындарының тең жартысы ауылда тұрады. Содан ба, алғашқы медициналық көмеккөрсету ұйымдары ғимараттарының тозу деңгейі бойынша да бұл облыс соңғыорындарда тұр. Тізімнің соңында тұрған Ақмола облысындағы медицина ғимараттарының80, 9 пайызы, БҚО-да – 76,3 және СҚО-да 74,2 пайызы тозған.

Сондай-ақ бірқатар өңірлердемедициналық техникалармен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Тізімнің соңынан санағандаекінші боп тұрған БҚО-да 49,2 пайыз техниканы жаңарту қажет. Өйткені бұл өңірдегімедициналық техникалардың 53,1 пайызының мерзімі өтіп кеткен.

Рас, БҚО-да алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 719 маман науқастарды басқару бағдарламасы бойынша арнайы оқудан өткен. Бірақ облыста  артериалды гипертония, қант диабеті және созылмалы жүрек талмасымен ауыратын 11 125 науқас болса, соның 20 пайызы ғана есепке алынған. Яғни дәрігерлердің білімін жетілдіргенімен, одан нақты нәтиже болмай тұр. Өйткені науқастар нақты есепке алынбағандықтан, қаншама адам медициналық көмектен тыс қалып жатыр деген сөз. Сөйтіп, соңғы екі жылда алғашқы медициналық көмек объектісінен жеті нысанды пайдалануға берген Батыс Қазақстан облысы 2019 жылы бір-ақ нысан ашуды жоспарлапты.

Фото 7news.kz сайтынан алынды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега