Өңір

Қымбат Жампейісова. Сағыныш

Жетімдер үйі. Бүлдіршіндердіңбәрі түнгі тәтті ұйқыда. Тек Айдар ғана көзін жұмар емес.

Jasalash.kz

Төсегінде жатқан күйі терезеге қарауда. Не ойлап жатқаны белгісіз, әйтеуір тұңғиыққа шомып кеткен. Орнынан тұрып, терезеден далаға көз салды. Қараңғы түн жамылған аспанды жұлдыз торлаған. Толған айайналаға жарық беруде. Айдар терезеге үңілген қалыптан ажырап артына қарады. Өзінің орнынан басқа үш төсекте жатқан балалар ұйықтап жатыр. Бұрыннан ойына келген амалын іске асырмақшы болып терезені ашты.Сықырлаған дыбысынан Олжас оянып:

  — Ей, не істегелі жатырсың? — деді. Айдар оған қабағын шытып:

  — Тыныш мыналарды оятасың, — деді де үстелге қойған сөмкесін алды. Төсегіндегі ақжайма мен көрпеқабыналып бір-біріне байлады. Оны алып терезенің астында орналасқанжылытқышты ұстап тұрған темірге байлап еді, Олжас, жанашырлықпен:

  — Сен бағанағы қиялыңа бастың ба? — деп сұраулы көзбен қарады. Айдар оған

— Иә, мен анамды тауып аламын, мұнда қамауда қалғым келмейді, маған көмектес, қашып кетейін және өзіңе кесірі тимес үшін көрген жоқпын дерсің, — деп терезеге мініп әрі түсіп кетті.

Он жыл бір шаңырақ астында тұрып,айрылмастай достыққа серт беріп, бір нанды бөлісіп жеген жолдасы кетіп қалды. Енді қайтып келмейтіндей болды.  

 

***

Түн. Алыстан келе жатқан көліктердіңжарығы сығырайып, гүрілі талып естіледі. Айдар болса, сөмкесін асып алып көшекезіп жүр. Басы төмен түсіп, жүрісі бәсеңдеген тәрізді. Кейде түрін де көрмеген анасын елестетіп асыға жүгіреді. Тұла бойынкернеген сағыныш толқытып келеді.

Әрі-сәрі күйде алға баса берді. Тұманды ойлардың шырмауымен ілесіп даңғылжолға да шығып кеткенін енді байқаған еді… Бағдаршамның қызыл көзі бағжаңдаптұрғанын аңдай бергенде...  Оң қапталдан шығакелген көлік зәре құтын қашырды. Құдай оңдағанда рульдегі адам жылдамдығынбәсеңдетіп үлгерген. Не істерін білмей артқа құласа да, бағына орай аман қалды. Қара көлік лезде тоқтап, ерлі-зайыптылар жүгіріп келді. Екеуі жанталасып баланы орнынан тұрғызып бірінен-бірі қалыспай:

  — Амансың ба?

  — Бір жерің ауырып қалған жоқ па? – деп сұрақтың астына алды. Аузын ашып сөйлегенше болған жоқ, күйеуілезде баланы көтеріп алып көлікке мінгізді. Айдар шалалығына басып:

  — Менде бәрі жақсы. Дәрігерге бармаймын, — деп бұртиды. Алдында отырған Жанайдар көліктің төбесіндегі айнадан қарап:

— Қайда тұрасың?  Айдар сөзін жұлып алғандайсаңқылдай жөнелді:

— Тұрақты мекенім жоқ. Уақытша паналапжүрген жерім мемлекеттік жетімдер үйі, — дегенде бағанадан үнсіз отырған Жанайдардың әйелі Гүлнұр тыпыршып кетті. Анықтап сұрауға бата алмады. Өткен өмірі көз алдына елестеп маза беретінтүрі жоқ. Сол ұмытылмас күн.

 

***

Таң қылаңдап атып қалған. Күннің көзі қызара атып шуағын шашуда. Баласынкөрпешеге орап алған Гүлнұр тездете жүріп келеді. Бегалин көшесіне де келіпжетті. Қиналмастан тоғыз ай көтеріп толғатқан баласын есіктің алдына қойды да кетіп қалды. Мәжбүр болды. Өйткені,өзі жалғыз асырай алмайтын еді. Егер баласының барекенін білсе, күйеуге шығып кетуі де екіталай. Одан бері он бір жыл өтіпті. Ойға шомып отырғанда күйеуінің «Гүлнұр»деген дауысынан селт ете қалды. Жанайдар оған күле:

  — Балақай, біздің үйге барса қалай болады? Мұндай сөзді күтпеген әйелі қандай жауап берерін білмей сәлтосылған. Бүлдіршіннің мұңды жүзіне көзі түскенде барып басын изей берді.

 

***

Қақпаның есігі ашылды. Үлкен екі қабатты үй. Ішіне кірсе дүниесі жаңа заманға сай жабдықталған.Тек меңіреу тыныштық. Құдды ешкім тұрмайтын сияқты.

Жанайдар екеуі отасқаннан берібала сүйген жоқ. Алла оларға ұрпақ жалғасын көруді жазбаған екен.Достарының үйіне барғанда балалары ойнап азан-қазан болып жүреді. Соның бәрін көріп екеуі де іштеймұңаяды, бірақ ешкімге білдіртпеуге тырысады.

Күйеуінің шығып кеткенінпайдаланған Гүлнұр:

— Сенің тегің кім? Қандай интернатта оқисың? Өзің туралы айтып берші, -деп Айдарды сұрақтың астына алды.

Аңтарылып қалған ол:

— Тегім, Берікбаев, мені тастап кеткен анамдыіздеп жүрмін, көзімді ашқаннан көрген жоқпын, бірақ сағынамын, — деп еді, Гүлнұрдың көзінен еріксіз сағыныш жасы моншақтайүзілді.

  — Айта қойшы, Айдаржан, сендердіңинтернаттарыңда Жігер есімді бала бар ма?

Дірілдей щыққан дауыстан әреңтіл қатты. Аққан жасқа ерік берді, тоқтату мүмкін емес еді. Бойын кернегенөкініш кеудесін керіп барады. Арасында терең дем алып тұншыққандай күйгетүседі. Жаны мазасыздыққа толы. Көз жанарында мөлтілдеген жастан басқа, уайыммен өкініш бар.

Айдар егіліп жылап жатқанкеліншекке жанашырлықпен қараған күйі:

— «Апа, танымадым». Күрсінгендауыспен жауап берді. Күрсіністе өкініш бар сияқты. Көмектесе алмағанына қатты қынжылатынынбайқатты. Басын төмен салған Айдар мұңая төмен қарап тұр. Гүлнұр есін жиғандайболып бір амалын тапқандай Айдарға қарап:

— Айдаржан ертең емханаға барамыз. Дәрігерге апарыпденсаулығыңды

қаратып алайық, — деп айтыпжатыр еді, Айдар да сөзін бөле:

— Менде бәрі жақсы, ешқандай жерім ауырмайды. Уайымдамаңыз, — деп үн қатты.

— Жоқ балам, ертең сенің денсаулығыңа зиян тигенінқаламаймын.

«Балам» деген сөз аузынан қалай шыққанын өзі дебілмей қалды. Махаббатпен айтылған сөз жүрегін шарпып өткендей, тұла бойыншымырлатқандай болды. Аналық махаббаттың ұшқыны сезілгендей алабұртқан ерекшесезімге шомып кетті. Осындай тәтті ой жетегінде ас үйге барып дәмді тамақтарынқойып, дастархан әзірледі. Айдардың қарны ашып қалыпты, ас үй бөлмесіне кіреберіс есікте дастарханнан көз алмай қарап тұр. Көздің жауын алатын әдемітамақтар мен мұрынды жарып бара жатқан иістен асқазаны шұрылдай түсті.Интернатта мұндай патша дастарханды көрмеген баланың көзі жайнап кеткен. Гүлнұрда Айдаржан келе ғой деп баланы дастарханға жайғастырып төрден орын берді.Айдар да жаны қалмай тамақты асығыс жеп жатыр. Өзі тойса да көзі тояр емес.Бала көзі жайнап кішкентай сәттен де ләззат алып бақыттың бір бөлшегін сезгендейкүйде. Баланың ештеңеге назар аудармай тамақтанған сәтіне Гүлнұр да қарап мәз.Айдарды ұялтып алмайын деген оймен анда — санда төмен қарап қояды. Гүлнұрсәбидің жайнаған көздеріне қарап тәнті болып отыр. Жүрегі мейірім мен аналықмахаббатқа толы. Жанын тыныштық билегендей болды. Меңіреу тыныштық басқан үйдіңкөркі енді кіргендей. Терең ойға шомып кеткен Гүлнұрды тамақтанып болғанАйдардың:

— Рахмет, деген сөзі оятқандай болды. Екеуі дастарханнанқатар тұрып, бөлмелеріне кіріп ұйқыға кетті.

 

***

Таң атты. Емхана іші ығы-жығыадам. Кезек күткен жандар. Бәрі тыпыршып дәрігерге кіретін сәтті тағатсызданакүтіп отыр. Арасында кезектен тыс біреулер дәрігер кабинетін ашып қарап қояды.Кезекте тұрғандар бас алып айғайлай жөнеледі.

  — Бәріміз кезекте тұрмыз.

  — Қайда бара жатырсың ?

  — Таңнан бері отырмыз. Кезек күтіп кір.

  — Мен бір ғана қағазалайын деп едім.

  — Иә, бәрі солай айтады да ішке кіріп сағаттапотырады.

  — Бәріміз де сол қағазға бола отырмыз.

  — Кезек күт. Әйтпесе кіргізбейміз, -дегендауыстар емхана ішін азан-қазан, у-шуға толтырды. Бір-бірін тыңдамайды. Бассалып айғайға басады. Бұл көрініске қарап отырған Гүлнұр мен Айдарды медбикебір кабинетке кіргізді. Дәрігер Айдарды қарап ауыратын жерлерін сұрап жатыр. Балада жанталаса көліктің қақпағанын, жүгірем деп сүрініп құлап қалғанын айтыпақталды. Дәрігер тексеріп болғаннан кейін тыныштық керек екенін, қорқып қалғандығынайтып,дәрі-дәрмек атауын жазып шығарып салды. Қабылдаудан шығып екеуі көліккежайғасты.

 

***

Жетімдер үйі. Балалар күндегі өмір иірімінде. Сабақтарыноқып отыр. Оқуда тек Айдардың көршілері жоқ. Өйткені олар директордыңкабинетінде еді. Таңнан бері бір баланың жоқ екенін біліп қайта — қайтабалалардан сұрақ-жауап алуда. Ешкім ештеме айтпайды. Бір ғана жауап «бізештеме білмейміз». Олжас жоғалған баланың ең жақсы досы екенін білетінмұғалімдер де «айт та, айт» деп оны қыспаққа алуда. Мұғалімдердің де,тәрбиешілердің де директордың да «балаға бірдеме болып қалған шығар,көмегіміз керек болар» деп шырылдаған жан айқайына Олжас та шыдай аларемес. Бірақ аманатқа қиянат жасасын ба? Досына ешкімге айтпаймын деп уәде еткенеді ғой. Басы мең – зең, екі оттың ортасында қалғандай. Не істерін білмей әлек.Айтайын ба, айтпайын ба? деген ішкі сұрақ мазалап Олжасқа тыныштық бермеуде.Сонымен не керек балалардан жауап болмаған соң оларды оқуларына жіберді.

 

***

Көлік ішінде Гүлнұр Айдарға:

— Айдаржан, интернатқа бару керек. Әйтпесе шу болады. Менсені сұрап аламын. Біздің үйде тұрасың, — деді. Айдар басын изеп жауап берді. Жиырмаминут арасында көлікпен зуылдап жетімдер үйіне де жетті. Гүлнұр танысғимараттың  алдына келіп, ішке кіре алмайсыртта тұрып қалды. Аяғын баса алмай жүрегі тулап кетті. Көзіне жас келді. Дәлсол жер. Бұрынғы өзі көрген жетімдер үйі. Өткен өмірі көз алдына келді. Таңатып қалған шақта тез жүрістен ентігіп қалған ол көрпешеге оралған баласын осыесіктің алдына тастап кеткен еді. Ойдан шыға алар емес. Көзіндегі жас моншақтапақты. Жүрегінің қатты соғысын баса алар емес. Ішкі тартыс мазасын қашырды. Қиналыпкеткен ол да дауыстап жылап жіберді. «Мен не істедім» деген сұрақ жанынжегідей жеп бара жатқандай. Айдардың қорқып«апа сізге не болды» дегенсұрағы есін жиғызғандай болды. Лезде көзінің жасын сүртіп есікті ашып ішкекірді.

 

***

Балалар қоңырауда жүрген еді.Гүлнұр бала-шағаның у-шуын тыңдап іштей тағы толқып кетті. Айдардың сыныпжетекшісін тауып алып мән-жайды толық баяндап берді. Директордың кабинетіне декірді. Төлеутай ханымның рұқсатымен Айдарды үйіне сұрап алды.

 

***

Баланың шырылдаған дауысы.Белгісіз ғимарат есігінің алдында көрпешеге оралып жатқан нәресте.«Ананшым, анашым» алыстан естілген дауыстар. «Анашым, тастамамені, тастама». Қиналып жатқан Гүлнұр айғайлап орнынан ұшып тұрды. Сағатқақараса түн ортасы екен. Үштер шамасы болуы керек. Мұндай жағдай жиі болыпкетті. Күнде түн ортасында шошып оянып кетеді. Өткен өмірі түске кіріп мазасыналуда. Тыныштық беретін емес. Айдар келгелі қатты мазасызданып, уайымға түсті.Бұл дауыстан күйеуі Жанайдар да әйелінің мұндай әрекетіне таңырқап:

— Бәрі жақсы ма? Саған не болып жүр? Қатты өзгердің. Әлде сырқаттаныпқалдың ба? – деген сауал тастады.

Гүлнұр бәрі ойдағыдай екеніне Жанайдардыңкөзін жеткізіп ұйқыға кетті.

 

***

Таң да күннің көзін көрсетіпата бастаған. Көлікпен ешкімге айтпастан Гүлнұр тағы сол жетімдер үйіне келді.Директордың кабинетіне кіріп сөйлеспекші болып еді, көзіндегі мөлтілдеген жаспен кеудесін тұншықтарған сезім сөйлетер емес.

— Төлеутай ханым, сіздің маған көмегіңіз керек. Осыдан 12жыл бұрын мен үлкен қателік жасадым. Ол кезде 18-де едім, деп әңгімесінбастаған Гүлнұрға өткен өмірі қазіргідей елестеп өтті.

                                                

***

2007 жыл. Ауылдан Алматығакелген жастар. Қазақ қыздар университетіне оқуға тапсырып жатқан қылықтыарулар. Әдемі көйлектерін киіп алған, мәз — мейрам. Бақыттан балбұл жайнап, сыңғырлағанкүлкі мен қуанышты дауыстары институт ауласына көрік беруде. Сылқым қыздардыңжиналып алған орталары бар. Бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып жатыр. Біреулеремтиханнан шығып жатса, ал басқалары танысуда. Керемет бақытты шақтың бірбөлшегін басынан өткеріп жүрген арулардың ішінде Гүлнұр да бар еді. Бұрымыбеліне дейін жеткен сылқымның қылығымен қатар  сұлулығы да тартымды. Үстіне киген әдемі ақкөйлегі өзіне көрік беріп, шырайын одан бетер арттырғандай. Ер адам тұрмақ әйелзатын өзіне тәнті етіп қарататын Гүлнұрдың сұлулығына біреулер ынтық болса,енді бірі қызғанышпен қарайтын. Өзі де сұлу екенін біліп маңғаздана жүретін.Содан оқуға түскендердің тізімінде Гүлнұр да табылып қуанышы еселене түсті.Бірінші оқу жылы. Үлкен қалаға алғаш келуі. Керемет сезім жетегінде жүрген аруАлматының сұлулығына ғашық болып қалған еді. Ал сұлу қыздың көркіне құмар боларжігітті тек Алматы табиғаты ғана білетіндей еді. Сабақты аяқтай сала Гүлнұржәне оның тобындағы қыздар  бірге шығып жасылжелекке малынған ару қаланы аралайтын.

 

***

Кешкі уақыт. Қазақ қыздаринститутының жатақханасы. Ортақ тамақ әзірлейтін аспазханалары бар. Қыздардыңкөбі тамақ істеп қазан, қасықтарын тасуда. Бөлмелері мен асханаарасындазырылдап жүгірген сылқымдардың сықылықтаған күлкілері мен дауыстары асхана мендәлізді жаңғыртады. Коммендант апайдың "қыздар тыныш жәй сендердіңкүлкілеріңнен бас ауырып кетті" деп айғайлаған дауысы ғана арулардытыныштандырады. Бірер минут өткен соң тағы әңгіме-дүкен көрігі қыза түседі.

 

***

13-бөлме. Төрт кісілік орындатоптас бір қызы Ақтоты, жоғарғы топта оқитын Шырын мен Балжан да тұрады. Ақтотытамақ әзірлеп жүр. Гүлнұр болса кітап оқып отыр. Шырын мен Балжан қыдырыпкеткен. Екі қыз құрбылас, бірақ екеуі бір біріне мүлде ұқсамайды. Бірі салмақтыболса, екіншісі ұшып қонып тұрған шошақайлау.

 

***

Оқу қыркүйекте басталған. Соданбері төрт ай өтті. Желтоқсан айы. Алматы қысы маужырап жауған қарымен әдемі.Аппақ көрпешеге оранған жер ана да көрікті еді. Жерге қарасаң жылтылдаған қарда көзді ауыртқандай болады. Наздана күлген қыздардың дауыстары. Гүлнұр топтасқыздарымен сабақтан шыға жатақханаға келе жатыр. Көше сұлулығына таңданғантабиғатпен етене сырласқандай күй кешкен қыздар да бақытты. Жатақханаға келіпәркім өз бөлмесіне жайғасты. Гүлнұр 13-бөлмеге кіріп еді. Шырын мен Балжан даотыр екен. Олар бір төсекке жайғасып алған, қолдарына ұялы телефондарын алыпжігіттердің жазған хаттарын оқып мәз. Сабақтан келген Гүлнұрды көріп Шырын менБалжан екі жақтап

— Бүгін қыдырамыз, бізбен бірге жүр. Кафеге барамыз, — дейді.

Гүлнұрдың «бармаймын»деген сөзіне көнбей оны «жүр де жүр»-дің астына алып   мазалайды. Екі жақтап жалынып қоймаған соң қыздардыңкөңіліне қарады. Үлкен қаладағы ішкі жалғыздық, ауылға деген сағыныш та оныжүдетіп жүрген кез еді. Торықтырған ойлардан арылып, сергіп қайтайын деп біройлады.Содан не керек. Кешкі уақыт та болып қыздар әдемі көйлектерін киіп, опа — далаптарын жағып, иісі мұрынды жаратын әтірлерін сеуіп, қыдырысқа дайындалады. Сағатсегіз шамасында мәз-мейрам болған қыздар жүздері бал бұл жайнап көшеге шығыпкетеді. Ойластырған кафеге де жетеді. Келсе екі жігіт отыр екен. Балжан менШырынды шақырған да осылар болуы керек. Қыздардың ішіндегі пысықтауы жігіттерден:

— Үшінші жігіт жоқ. Біз құрбымызды ертіп әкелдік,таныстыратын досың қайда? — дейді. Жігіттер:

— Бекжан келе алмады. Жұмыстары шығып қалып, шаруабастыболып кетті, — деп ақталғандай болады.

Балжан мен Шырын өзжігіттерімен сөйлесіп әлек. Гүлнұр өздігінен бөлектеніп қалғандай болды. Бірақкафеде адам көп еді. Жасы бар, кәрісі бар, ер азаматтар басым түсетін би алаңындаине шаншар жер де жоқ еді. Ортада жүрген жігіттердің де көзі Гүлнұрға түсті. Өзойымен арпалыста отырған қызға оның сұлулығына қарамау мүмкін емес еді.Жемтігін көрген аш қасқырдай көздері қанталап қараған жануар іспеттес, араққасылқия тойып алған жігіттер де сүйкімді қыздан көз алмайды. Бір жігіт келіпбөлек отырған Гүлнұрды биге шақырды. Есімім Жандос деп қолын ұсынды. Ол дакелісе би алаңына шықты. Тал шыбықтай бұралған белі майысып, көрікті биі кімдіболсын баурап алары хақ. Содан жігіт би алаңында қызбен танысып ұялы байланыснөмерін де алды.

 

***

Кешке таман уақыт. Гүлнұрментанысқан жігіт те кездесуге келген. Ол да тұла бойында мін жоқ сымбатты еді.Қыз да сұлулығын ұнатып қалғаны анық. Жігіттен көз алар емес. Жанарында жаныптұрған сезім оты бар. Осындай бірнеше кездесу болады. Аш қасқыр жемтігінжіберсін бе? Қойған мақсатына жігіт те қол жеткізетін түн де туды. Екеуі кафедеотыр. Адамдар көп. Екі ғашық би алаңына шығып билейді, көңіл көтереді. Жігітқызды вальске шақырып қыпша белінен құшақтап құшырлана бетінен сүюде. Қызқарсыласқандай болады. Бірақ Гүлнұр ұнатып қалған соң ренжіткісі келмейді. Буыұрған ішімдік бойын алған жігіт қызға сезімін ақтарады. Жақсы көретінінжеткізіп, уақыт өте шаңырақ құратынын айтып қуантып қойды. Қыз құлақпенсүйетінін жігіт анық біледі. Әйел адамның психологиясын зерттеген  ол Гүлнұрдың жүрегіне жол тапты. Сол түні күнде ерекше суытып, айналаны салқындық құрсай түскен. "Үйіме қайтамын"деген қызды жақын маңдағы қонақүйге баруға көндірді. Жарты сағаттан астам бір — бірін ұғыса алмай екеуі біраз отырды. Ұяң қыздың момындығын байқаған Жандосепті қимылмен қапсыра құшақтай түсті. Мұндай ыстық құшақты бұрын сезініп көрмегенқыз да икемге көндіге бастаған. Ызғырыққа толы сол түні жас қызғалдақ ғұмырды есердауыл жайпап өткен-ді. Абайсызда жасалған қателігін қызға Жандоссыз өткенбірсыдырғы күндер  үнсіз ұғындырды. Құрсағындадір еткен нұрды сезген қыз бір айдан соң аяғының ауыр екенін де түсінді. Бірақмұңын кімге айтсын?! Ешкімге тіс жармайды. Бес айға келгенде іші де білінебастады. Институтта өсек қылған студенттердің сөздеріне де шыдай алмайды.Демалыста ауылына да бармайды. Жазда ақша тауып жұмыс істеді. Босанатын уақытта жақындап толғағы басталады. Ұл бала өмірге келеді. Есімін Жігер деп қояды. Неістерін білмей қыз әлек. Баланы өзі жалғыз асырай алмайды. Оны сәбимен тұраалмайсың деп жатақханадан шығарады. Пәтерге жаз бойы жұмыс істеп жинағанақшасын салады. Сөйтіп бөлек шығады. Бірақ күн көру керек. Балаға қарайтынешкім жоқ. Тіпты оны асырай да алмайды. Дел сал болып еріксіз жетімдер үйінетастауға мәжбүр болған еді. Баланы ақ көрпеге орап алып таң ата жетімдер үйініңесігінің алдына қойып кетеді. Босанып сабақтан қалып қойған ол оқуын да тастапкетеді. Содан жұмысқа кіреді. Ақша тауып күн көрістің қамымен кетеді. Уақыт өтеЖанайдармен танысып оған тұрмысқа да шығады. Міне, отасқандарына 12 жыл өтсе десодан бері құрсағына жан бітпеді.

 

***

Жаны ашып "қолымнанкелгенше Жігерді тауып беруге тырысамын" деген мектеп интернатыныңдиректоры Төлеутай ханымның дауысы Гүлнұрды селт еткізеді. Өткен өміріненқазіргі сәтке әрең оралған келіншектің көзіне жас толып қалған. Қыстыққаннансоңғы сөздерін әрең аяқтады.Төлеутай ханым:

— Баланы тауып беремін, барлық құжаттарды ақтарамын. Келесіапта дейсенбіде келіңіз, – деп Гүлнұрды шығарып салды.

 

 

***

Айдар осы отбасында тұрып жатыр.Гүлнұр да, жолдасы Жанайдар да  балағаүйреніп қалды. Тіпті бір-бірін іздейтін күйге жетті. Даңғаза үйдің көркі кіріп,күн шуағы түскендей жылылық сезіле бастады. Бірақ Гүлнұрдың мазасы әлі болмайжүрген еді. Директордың жауабын естігенше жүрегі гүрсілдеп жүр. «Баламменкездессем не айтам? Кездесу қалай болады? Не деп ақталам? Қалай бетінеқараймын? Ол мені кешіреді ме? Жанайдар, бұл шындықты қабылдай ма? Отбасымыздыңболашағы не болады?» деген сұрақтар мазасын алды. Түн ұйқысы төрт бөлінді.Күні бойы неше түрлі ойларды ойлағаннан болар, ұйқыда жаман түстер көреді.Жүрегі де ауырады. Уайым мен тағатсыздық әбден мезі қылды. Әйелінің қаттыөзгеріп кеткенін Жанайдар да байқап, мән — жайды түсіне алмай іштей болжамжасап жүр. Бірақ ол да жанын жеп жатқан сұрақтарды сыртқа шығарып айтпады. Жанайдардыңжүрегі Гүлнұрда бір жағдай болғанын сезді.

 

***

Тағатсыздана күткен дүйсенбі декеліп жетті-ау. Таң ата жетімдер үйіне де зулаған Гүлнұрдың жүрегінде уайым менмұң тұнып тұр. Біреу қуғандай асығыс-үсігіс кабинетке жүгіріп кірді. Төлеутай ханым,Гүлнұрды танып көңілсіз қарады. Бұл кісінің мұндай көзқараспен қарағанынкөңіліне алып қалды. Ішкі түйсік «неге көңілсіз екен» деген сұрақтыкүшейте түскендей. Директор да тезірек сөзге көшті. Баласы туралы ақпараттыбілгісі келіп отырған бейбақ ананың күйін түсінген еді. Тездете жауап берді:

— Балаңызды іздеп таптық. Есімі Жігер. Кешірім өтінеміз, өкінішкеорай сізге оны көрсете алмаймыз, — дей бастап еді. Гүлнұр жылап жіберді.

— Неге? Айғайлап жібергенін өзі да түсінбей қалды.

Директор эмоцияға салынғанбейбақ ананы түсініп сөзін жалғастырды.

  — 2007 жылы, Жігер есімді сәби жетімдер үйінетүсті. Есік алдынан тауып алған тәрбиеші әлі осында жұмыс жасайды. Ол да мән-жайдыбаяндап бізге баланы іздестіру жұмысында көмектесті. Сол кезде бүлдіршін қаттыауырды. Біз дәрігер шақыртып емдеттік. Бірақ тексеріс барсында қанынан вирустабылды. Тәрбиешілер тамағын, дәрі-дәрмегін уақытылы беріп күтті. Баланың бойынантабылған вирус оның дамуына, жүріп кетуіне, уақытылы сөйлеп кетуіне, жанеиммунитетіне әсер ететін болғандықтан ем ұзаққа созылатын болды. Сәбиге үш айшамасы болғанда АҚШ мемлекетінен балалары жоқ отбасы келіп жүрген еді.Кішкентай сәби асырап алғысы келетіндерін айтып кеткен. Сіздің балаңызды соларалып кетті. Олар бізге шет елде медецина дамыған баланы өзіміз аяғынан тұрғызыпөсіреміз, оны асырайтындай әлеуметтік жағдаймызда да жақсы деп құжат жүзіндедәлелдеген еді. Бізде баланы нақты қарайтын адамы болсын және денсаулығы түзеліпүлкен азамат болып аман-есен ер жетсін деген ниетпен соларға бердік, —  деп сөзін аяқтаған бойда Гүлнұрдың көзіндегіжас төгіле кетті. Баласын көрем құшағына басам деп үміттеніп келген сорлыананың жақсылыққа деген сенімі жоғалғандай болды. Жылаудан көзі ісіп жүрегіқағып әлсіреп кеткен анаға тәрбиешілер су мен тыныштандыратын дәрі берді. Өміргедеген ызыдан түрін қаталдатқан Гүлнұр:

  — Ең болмаса көргім келеді, — деді.

  — Иә, біз де Жігерді тапқан бойда шет елменбайланысқа шықтық. Әкесі Джерримен сөйлестік. Қуанышты жағдай айтайын. Жігер онекіге келген. АҚШ құрама штатында мектепте оқиды екен. Денсаулығы өте жақсы.Шет елдік отбасымен жақсы тұрып жатыр. Әкесі Джерри Жігердің биологиялық анасыяғни сіздің табылғаныңызды естіп қуана қойған жоқ. Баланы бергіміз келмейді депшырылдап жатыр. Олар да шақалақтай кезінен өсірген соң бауыр басып қалған.

  — Әрине, менің ешқандай құқым жоқ. Баланыңанасы болғаныммен, жақсылық көрсете алмадым. Олар басқа елден бола тұра Жігергеешқандай қатыстары болмаса да, жақсы қарап адам етіп тәрбиелеп көп еңбексіңірді. Туған анасы жасамаған мейірімділікті танытты. Өздерінен туған сәбидейтәрбиелеп жатыр екен. Жігергеталаса алмаймын. Бірақ тек қана түрін бір көргімкеледі, — деп тағы жылауға азақ қалған ана сөзін қыстығып әрең аяқтады.

Директор жаны ашыған түрмен бірқарады да, сөзін жалғап:

  — Сіздің жолыңыз болды. Әкесі Джерри Жігергетуған жерін көрету үшін Қазақстанға әкеледі екен. Бір айдан соң яғни маусымайында келеді. Олар сол кезде баланы сізге көрсетеміз деп уәде берді. Бірақ бірөтініштерін айтты.

  — Қандай? Барлық шарттарына көнемін, тек біркөрсем болды.

  — Туған анасымен жолқтырамыз. Бірақ, кездейсоқкездесу болсын және Жігерге анасы екенін айтпаса екен, — деп өтінді.

Ішін өкініш жалыны өртеп баражатқан сорлы ана еріксіз бәріне көнуге мәжбүр болды.

— Ал ендеше, келістік. Маусым айында кездейсоқ кездесуұйымдастырамыз, — деп директор стөлдің суырмасын ашып ішінен

мойынға тағатын шынжыры бармедалион алып шықты. Бұл зат Гүлнұрдың көзіне оттай басылды. Тағы өткен өміріесіне түсті.

 

***

Дәл сол күні баланы жетімдерүйіне апарып тастаймын деп шешім қабылдаған Гүлнұр бір күн бұрын хат жазған еді:

«Сенің есімің Жігер,қайратты болсын деген мақсатпен осы атты таңдадым. Кешір мені, еріксіз сеніжетімдер үйіне тастауға мәжбүр болдым. Анаң Гүлнұр» -деп кішкене аққағазға хат жазып медалионның ішіне салып, ертеңінде оны баланың көрпешесінеқыпсырған еді. 

 

***

Директор медалионды қолын созыпберіп жатыр еді, Гүлнұр тездете жұлып алды. Ашып еді хат та ішінде тұр екен. Көзжанарында «бұл қалай болды» деген сұрақпен Төлеутай ханымға қарады. Олкісі де үнсіз жауап күтіп отырған анаға сөзін бастады:

— Бұл медалионды сол күні көрпешенің ішінен алдық. Балакішкентай болғандықтан оны оқи  алмайтын еді.Біз мұрағат документтердің ішіне сақтадық. Шет елдік ата-анасына бермедік.Өзімізге қалдырған себебіміз биолиогиялық анасы табылғанда қайтарамыз дегеноймен алып қалдық. 

Медалионды алып, ішін өкінішкернеген Гүлнұр, баласын құшағына алам деген бар үмітін жоғалтқандай, сүлесоқ,беті сұп-сұр болып кабинеттен шығып кетті.

 

***

Жігерге деген сағыныш пен уайымда басылар емес. Күткен сайын уақыт та тоқтап қалғандай көрінді. Шет елдік ата-анасыҚазақстанға алып келетін уақыт келгенше Гүлнұрдың да жүйкесі сыр бере бастады.Түнде ұйқыдан күндіз күлкіден айрылды. Көңіл күйі болмай кетті. Жанайдар даіштей бір гәптің бар екенін сезіп жүрді. Бірақ ол да білдіртпеді. Ішкі тартыстажүргенде Айдардың да ем-шара уақыты аяқталды. Баланы интернатқа қайтару керекеді. Бірақ қатты бауыр басқаны сонша, Гүлнұр енді Айдарсыз өмір сүреалмайтындай көрінді. Өз баласына деген сағыныш баяғыда өлтіріп тынатын еді. Уайым — ішін құрт тескен алмадай жеп тастайтын да еді. Оның емі, Айдар болды. Бардерті мен қайғысының мөлшерін азайтып үмітінің кілт үзіліп кетпеуіне себепшіболып тұрған да осы балақай. Сөйтіп Гүлнұр мен оның жолдасы Жанайдар жетімдерүйінен Айдарды асырап алуға кірісті. Бар керек құжаттарын әзірлеп, балақайдыбіржола үйлеріне әкеліп патранатты ата-ана атанды.

 

***

Уақыт зуылдап өтті. Бірақ тағатсызданакүткен ай Гүлнұрға бір жылдай көрінді. Сөйтіп жетімдер үйімен сөйлесіп ЖігердіңАлматыға келетін күні де белгілі болды. Кездейсоқ кездесудің орны да анықталды.Дәл сол күн жетті-ау. Саябақта кездесу ұйымдастырылды. Белгіленген орынғакелген Гүлнұр мен тәрбиеші жан-жағына қарап іздеп жүр. Бір мезетте келіскенуақытта межелі жерге Джерри мен әйелі Катрина Жігер үшеуі келді. Саябақтыаралап суретке түсіп жүр екен. Ағылшынша шүлдірлеп сөйлеп жатыр. Бала сұңғақбойлы, әдеміше келген. Тыңдап тұрсаң  ағылшын тіліне судай. Құдды американдықдерсің. Таңырқап, бір жағы жылап, іш құса болып тұрған Гүлнұр бұларға жақындайтүсті. Жігерге қарап көзіндегі жасты тоқтата алмай егіліп тұр. Шыдай алмағанГүлнұр «балам» деп құшақтай алды. Айғайлап қыстағып жылаған ол «кешірмені, бейбақ сорлы анаңды» дейді. Жігер түсінер емес. Көзі домаланған күйішет елдік ата-анасына жаутаңдап қояды. Джерри мен Катрина биологиялық анасыекенін біліп жанашырлықпен қарады. Сорлы ананың тілін түсінбесе де сезімін түсініптұр. Жаны ашып ағылшынша бірдеме деп бір-біріне сыбырлап қарады. Ал Жігер болсабелгісіз әйелдің жылағанына таңырқап қарап тұр. Бірақ ол кезде бала әйелдіжақын тартса да мән-жайды және оның шынайы анасы екенін білмейтін еді. ӘкесіДжерриден:

— Бұл кім? — деп сұрадыағылшынша. Ол мүдірмей:

— Сен сияқты баласы болғанекен. Қайтыс болып кеткен. Сол баласын еске алып жылап тұр. Саған ұқсайтынболған ғой, -  деп өз тілінде жауап беріпжатты. Гүлнұр болса кешірім сұрап жылап жатыр. Ал Жігер болса түсінер емес.Өйткені кішкентай кезінен шет елде өскендіктен тілі ағылшынша шыққан еді. Мүлдетүсінбейді. Туған тілі болса да оған бейтаныс жанның не деп жатқанын ұғыну қиынболды. Бала болса сілейіп бейбақ анаға қарап тұрды. Жүрегі селт еткендей болды.Танымаса да әйелді жақын тартты. Құшақтағысы келді. Егіліп жылып жатқан Гүлнұрдыңкөзі ісіп кеткен. Жанарынан аққан жас жерге сырт-сырт тамады. Тізерлеп отырғансорлы ана құшағынан Жігерді жібергісі келмейді. Баланы Катрина өзіне қарайтартып алды. Егілген Гүлнұрдың дауысы айналаны тебіренткендей болды. Саябақтымұң басқандай аспан да түнеріп жауын сіркірей бастады. Катрина мен ДжерриЖігерді алып басқа жаққа кете берді. Ал бейбақ ана тізерлеп отырған күйіжауынмен таласа жерді көз жасына толтырды. Бетіне тамған жасты сезер емес.Қайғыдан есеңгіреп қалды. Тәрбиеші оны орнына тұрғызып әрең сүйреп үйіне алыпкелді.

 

***

Сол күні Гүлнұрдың жүйкесі сырберіп жедел жәрдеп шақыртты. Ауруханаға он күндей жатып ем алу керек дегендәрігерлер сөзін Жанайдар да құптап әйелін орналастырып кетті.

 

***

Ауруханадан емделіп шықты. Үйінекелсе Жанайдар кабинетінде отыр екен. Ызаға булыққан. Беті көзі қызарып кеткен.Ашудан алақынындағы медалионды қатты қысып алған. Гүлнұр да жолдасының қолындағызатты лезде танып басын төмен сала кінәлі адамдай қасына келді. Жанайдар айғайғабасып, өзін ұстай алмай:

— Маған жауап бер! — деді. Гүлнұр енді сұрақтан құтылаалмасын және 12  жыл жасырып келгенөтірігінің ашылғанын сезіп төмен қарап не дерін білмей еріндері дірілдеп тұр. Сұп — сұр болып кеткен ол да жерден көздерін алмай:

  —  Өткенөмірім. Кешір мені, саған айта алмадым. Мен бейбақ, сорлы анамын, — деп жылапекі қолымен бетін басты. 

  — Неге менен жасырдың, сенің күнәң үшін баласүйе алмай жүр екенбіз, сені кешірмейтіндей оңбаған, безбүйрек деп пе едің? Менде адаммын. Сені алдаған малғұнда жүрек жоқ шығар. Бірақ адамның бәрі бірдейемес. Менде жүрек бар, сезім бар. Неге айтпадың, — деп айғайлап жылап жіберді.Сол кезде мықты ер азамат жолдасы Жанайдардың әлсіздігін бірінші көруі еді. Гүлнұрда не істерін білмей жолдасының көзінен тамған жасқа қарап:

«Көрдің бе сен ер адамның жылағанын,

Бойым сыздап мен оған қарағанмын.

Елдің қамын ойлайтын елеулінің,

Қай заманада басынан тараған мұң...» деген өлең жолдары есіне түсіп

іштей қайталап тұрды. Бірақ қайақынның өлеңі екені жадында жоқ. Жанайдарға қарап өлең шумақтарын қайталапөзіндік бір әлемге кіріп кеткен. Күйеуінің көзіндегі жасты көріп Гүлнұр да оданбетер егілді. Жасын тоқтата алар емес. Жүгіріп келіп жолдасының аяғына жығылып:

  — Кешір мені, мен алданып қалған соң барлық еразаматты жек көрдім. Бәрі оңбағандай көрінді. Саған айтсам түсінбейді депболжадым. Тастап кететіндей көріндің, қорқып айтпадым, — деп аяғын ұстап жердеегіліп сөзін қыстығып әрең жеткізді. Жанайдар да өзінің көз жасын сүртіп қолынтөмен сала Гүлнұрды орнына тұрғызып:

  — Мен сені жақсы көремін. Сондықтанқабылдадым. Шындықты айтсаң да, дәл осылай сүйетін едім. Өткен өміріңе емес,өтірік  айтқаныңа ызаландым. Он екі жыл жасырыпкелдің, ­- деп Гүлнұрдан теріс айналып кетті.

                                                     

***

Уақыт – емші! Қиындықтыңбәрі артта қалды. Жанайдар кешірді. Барлық шындықты қабылдады. Бірнеше айсөйлеспей жүргенімен мейірімділік танытып кеңдігін көрсетті. Адамның бәрі жаманемес. Біреу жасаған қатенің артын басқалары жамап жатады. Кейбіреулер зұлымдықжасаса енді бірі жақсылыққа бөлейді. Ақ пен қара шахматтың сызықтарыменжүргендейсің ағына кездессең бағыңның жанғаны, қараға кездессең қиналасың.Бірақ ол жамандық та уақытша. Бүгін күн баста, ертең таң атады. Гүлнұр осындайойлардың жетегінде келе жатыр. Қасында Жанайдар мен Айдар бар.Үшеуі саябақта қыдырыпжүр. Гүлнұрдың жан жарасы жазылмағанымен жеңілдеген сияқты. Жанайдар да баршындықты біліп 12 жыл көтерген жүгі арқасынан  түскендей жеңілдеп қалған. Сыртынан қарасаңүшеуі бақытты көрінеді. Бірақ олар қиын тағдырмен бетпе-бет келіп тоғысқанжандар. Әркімнің өз арманы мен өкініші бар екенін біреу білсе, біреу білмес...
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега