Қыраубаев Сапарбаевты маңғыстаулықтардан жасырды
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ мемлекеттік қызметкерлер халықпенашық диалог орнату керек деген сөзі маңғыстаулықкей шенеуніктің құлағынакіріп-шықпайтын тәрізді.
Жуырда премьер- министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ бастаған үкіметтің жұмыс тобы өңірге іссапарменкелген. Жергілікті басылымдар жұмыс тобы аймаққа халықпен кездесу үшін келіп,арыз-шағымдарын тыңдайды деп жар салған-ды.Ал Жаңаөзен халқы, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері вице-премьерменжергілікті билік өкілдері әдейі кездестірмей, мектеп ішіндегі бір кабинеткеқамап ұстағанын айтып отыр.
«18желтоқсан күні Үкіметтің жұмыс тобы Жаңаөзенге келеді деп естідік. Ел-жұрттыңөтінішін жеткізейік деп кәсіпкерлер мен қоғам атынан сөйлеп жүрген азаматтарБердібек Сапарбаевпен тілдескіміз келген. Кездесудің қай жерде өтетінінбілмекке Жаңаөзен қаласының әкімшілігіне, қала әкімі Мақсат ИБАҒАРОВҚАәлеуметтік желі арқылы сауалтастағанбыз. Жауап бермеді, одан кейін парақшаларында бізді бұғаттап тастапты.Амалдың жоқтығынан сол күні жұмыс тобы қайда барса, сонда барып, көлікпенізіне түсіп жүрдік. Ақыры Жаңаөзен қалалық мектеп гимназиясына келген тұсындақуып жеткенбіз. Сол кезде облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан ҚЫРАУБАЕВпен қала әкімінің орынбасарыАманғали НҰРДӘУЛЕТОВвице-премьер әр кабинетте адамдарды қабылдап жатыр деп, бір кабинетке бәріміздікіргізіп, алдап ұстап отырды. Бір кезде есікті ашқан соң барып түсіндікалданғанымызды. Бұлар Бердібек Сапарбаевқа бізді естіртпей, айлаларын асырғанекен. Осыдан кейін қай билікке сенесің», — дейді қоғам белсендісі Серік БАҚТЫБАЙҰЛЫ.
Азаматтың сөзінше, мектептен шыққаннан соңбелсенділер жаңадан ашылып жатқан спорт кешенінің жанында жұмыс тобын тағы бірмәрте қуып жеткен. Алайда тәртіп сақшылары кері итеріп, жолатпағанынжеткізді. Бір күннен соң азаматтар мән-жайды білмек үшін облыстық және қалалықәкімшілікке хабарласқан, ал әкімшілік қызметкерлері жауап бермек түгілі,тілдескісі де келмейтін сыңай танытқан.
Белсенділерді толғандырған тағы бір жайт — биылмаусым айына дейін Маңғыстау облысының әкімі болған, қазір Кәсіподақтар федерациясыныңтөрағасы Ералы ТОҒЖАНОВТЫҢҮкіметтің жұмыс тобы құрамында болғаны. Жаңаөзен халқы Тоғжанов әкім болыпотырғанда берген уәделерін орындамай кетті деп есептейді.
«ЕралыТоғжанов әкім болғанда берген уәдесі көп еді. Біразы құр сөз күйінше қалды.Тізіп жатудың қажеті жоқ, ел бәрін біледі. Сол кісіге де сұрақ қойып, жауапалғымыз келген. Жергілікті билік өкілдерінің кесірінен жүзін де көре алмадық», - дейді Серік Бақтыбайұлы.