Қоғам

Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы Қытайға 182 миллион теңгенің алтынын алып өтпек болған

Қырғызстан азаматы 2,8 келі алтын құйманы аяқ киімінің ұлтарағына жасырып, Қазақстан арқылы Қытайға өткізбек болған. Алайда шекарадағы тексеру кезінде бағалы металл табылды.

Фото: ашық дереккөз

Әйел алтынды Қырғызстаннан сатып алып, Қазақстанға "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы кірген. Одан кейін Қытайға қарай жол тартпақ болған.

Алайда "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында жүргізілген тексеру кезінде оның аяқ киіміне жасырылған алтын құймалар анықталды. Бағалы металдың тазалығы 99 пайыздан асады. Жалпы құны 182,3 миллион теңгеге бағаланған.

Сот шешімімен алтын құймалар тәркіленіп, мемлекет кірісіне өткізілді.

Сайт Әкімшілігі