Қырғызстан президенті Арыста болған трагедияға көңіл айтты
ҚырғызРеспубликасының президенті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ Арыс қаласында болған жарылыстанқаза болғандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді.
Бұлтуралы «Жас АЛАШ» Қазақстан президентінің ресмисайтынасілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызбасшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВПЕН телефон арқылы сөйлесіп,кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға қырғыз халқыжанашырлықпен қарайтынын атап өткен. Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ бауырлас қырғызеліне ризашылығын біолідір, алғыс айтты.
Оқи отырыңыздар: Оқ-дәрісақтайтын қойманы таза ұстау керек
24маусым күні Арыс қаласы маңындағы әскери бөлімдердің біріндегі қару-жараққоймасында жарылыс болып, екі адам қаза таапты. Елуден аса тұрғын дәрігерлеркөмегіне жүгінген. Әскерилер әлі де заласыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Арыс қаласында осыдан он жыл бұрын да осыған ұқсас оқиға болған.
Фото: news.day.az