Саясат

Қырғызстан президенті оқшауланды

Қырғызстан президенті оқшауланды. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Садырр Жапаров Ресейге сапарына дайындалу мақсатында оқшауланған, — деп хабарлайды РИА Новости.

Jasalash.kz

«Садыр Нұрғожаұлы Ресейге сапарына дайындалып жатыр, ол жақында болады. Бүгінде ол коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында оқшауланды», — делінген хабарламада. 

Қырғызстан президент аппаратының мәліметінше, сапар нақты қай күні болатыны белгісіз. Дипломатиялық дереккөз мәліметінше, Қырғызстан президенті Ресейге 24-25 ақпанда баруы мүмкін. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега