Қоғам

Қырғызстан президенті қазақ ақынына ат сыйлады (видео)

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа ат сыйлады.Бұл туралы Жапаров әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Jasalash.kz

Қырғызстандық Kaktus Media басылымының хабарлауынша, клубтар арасындағы көкбөрүден әлем чемпионатының ашылуында Қырғыз Республикасы Президенті қазақ ақынына сыйлық күтіп тұрғанын айтқан.

Қазақ ақынына атты Президент Іс басқармасының менеджері Қаныбек Түмонбаев табыс етті.

13 тамызда Қырғызстанда көкбөрүден клубтық командалар арасындағы бірінші әлем чемпионаты басталды деп хабарлайды Kaktus Media. Кубоктың ашылуында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сөз сөйледі. Қырғыз Республикасы басшысының өзі көкбөрү қырғыздардың ежелгі ұлттық ойындарының бірі екенін, оны халық арасында ең батыл шабандоздардың ойыны деп атағанын айтқан.

«Ойын батылдықты, ептілікті және керемет күшті талап етеді. Көкбөрү ойнаған жігіттер елін қорғауға дайын ерік-жігері мықты жауынгер болып өседі. Көкбөрү ойыны жастарды топпен жұмыс істеуге, қажет кезде тез шешім қабылдауға үйретеді», — делінген хабарламада.

Жарысқа Қазақстан спортшылары да қатысты – Астана командасы финалға шыққанымен, қырғыздың «Ынтымақ» командасынан жеңіліп қалды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега