Без Категории

Қырғызстанда 134 дәрігерге коронавирус жұқты

Қырғызстанда коронавирус инфекциясы жұққан дәрігерлер 134 адамға жетті. 19 сәуір күнгі брифинг кезінде Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев жаңа анықталған 18 науқастың барлығы медицина қызметкері екенін хабарлады.

Jasalash.kz

Төртеуі — Бішкектен. Қалғаны Нарын, Жалалабад, Ош, Баткен облыстары мен Ош қаласынан.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда 554 адамнан коронавирус табылған. 133 науқас жазылған. Бес адам қайтыс болған.

Вирус жұқтырғандар мына қала мен облыстардан:

  • Бішкек – 111;
  • Ош қаласы – 83;
  • Ош облысы – 147;
  • Баткен облысы – 6;
  • Жалалабад облысы – 102;
  • Шу облысы – 30;
  • Ыстыккөл облысы – 8;
  • Нарын облысы – 67;
  • Талас облысы — 0.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега