Саясат

Қырғызстанда бүлікшілер шипажайды басып алмақ болған

Бүлікшілер Ыстықкөлдегі «Аврора» шипажайын басып алмақ болған,-деп хабарлайды «Жас Алаш» 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Jasalash.kz

Милиция басқыншыларды қуып шыққан. Ақпаратты 24.kg порталына Ыстықкөл Ішкі істер басқармасындағылар растады.

Ведомствоның мәліметінше, демалыс аймағына бұрын жұмыстан шығарылған қызметкерлердің туыстары кірген және директордың жұмыстан кетуін талап еткен. Милиция өкілдері олармен сөйлескен. Олардың іс-әрекеті заңсыз екенін түсіндірген және жұмысын тек сот арқылы қайтарып ала алатынын жеткізген.

Соңында олар кеткен. Қазір «Аврораны» аймақтың Ішкі істер басқармасының қызметкерлері күзетіп отыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега