Қоғам

Қырғызстанда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 1 қазанда Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды.

Фото: из открытых источников

Жерасты дүмпулерін Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығы тіркеді. Оперативтік мәліметке сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 13:17-де, Гринвич уақыты бойынша 08:17-де болған.

Жер сілкінісінің ошағы 41,51 градус солтүстік ендікте және 73,14 градус шығыс бойлықта орналасқан. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,9, энергетикалық класы K=11,2 болды.

Айта кетейік, бүгін Ауғанстан аумағында да магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелген.

Бұған дейін, 28 қыркүйекте Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде жер сілкінісі болған. Сол күні Алматы облысында тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген еді.

Сайт Әкімшілігі