Қырғызстанда президент болуға ниетті 11 кандидат анықталды
Қырғызстанда президент сайлауына қатысуға ниетті кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ел президенті лауазымына 11 адам үміткер болып отыр.
Енді олар сайлаушылардың кемінде 30 мың қолын жинауы керек. Бұл үшін кандидаттарға 8 желтоқсанға дейін уақыт берілген. Ал президенттікке үміткерлерді тіркеуге қажетті құжаттар 13 желтоқсанға дейін қабылданады. Кандидаттарды ресми тіркеу рәсімі 23 желтоқсанға дейін аяқталуға тиіс.
Қырғызстандағы президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.