Әлеумет

Қырық құбылған 42 500 теңге: Үкімет неге сырғақтай береді?

Елде төтенше жағдай енгізіліп, карантиндікрежимге көшкен тұста үкімет «табысынан айырылғандарға дем береміз» деп,42 500 теңге әлеуметтік төлем төлеуді жөн санады.

Jasalash.kz

Осы 42 500 теңгені алу үшін елімізде үлкендүрбелең басталды да кетті.  Қарапайымхалық айтысты, тартысты, карантиндік режимді ұмытып, банктерге жүгірді. Әйтеуір,үлкен еңбекпен өтініш бергендердің арасында бұл ақшаға қол жеткізгендер болды.

 Ресми мәліметке сүйенсек,  төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 3миллионнан астам адамға  42 500 теңге әлеуметтік төлем аударылды. Осытөлемді алу үшін халықтан барлығы 5,9 миллион өтінім түскен. Соның ішінде 2,15миллион адамға, яғни  өтініш бергендердің37 пайызына  төлем тағайындалған жоқ. Енді  еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі  төлем тағайындалмаған  қазақстандықтардың өтініштерін қайта қараутәртібін бекітті. Алдағы уақытта «өтініштерді қайта қарау үшін аудандық жәнеқалалық штабқа табысыңыздан айырылғаныңызды  растайтын құжаттармен қоса, өтініш беру қажет»дейді министрліктегілер. Бұдан бөлек, 42 мыңды төлеуге қатыстыкәсіпкерлердің наразылығын тудырған шешімдер де қабылданып жатыр.  

        

                        Көмек пе, бұл әлдеқамыт па?

 Енді Қазақстанда кәсіпорын жұмысы тоқтап қалған жағдайда қызметкерлерінеең төменгі жалақы – 42 500 теңгені жұмыс беруші өзі төлеуі тиіс. Мұны кереметширақтық танытқан біздің үкімет  Еңбек кодексініңжаңа бабында жазып та, бекітіп те тастады. Бұған қатысты Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажановабылай дейді: «Егер азаматтардан әлеуметтік әл-ауқат басқармасына кәсіпорынтоқтап тұрған уақытта (карантин кезінде) ең төменгі жалақы төленбегені туралышағым түсетін болса, біз бұл фактіні тексеріп, анықтаймыз. Бұл үшін әкімшілікжаза қарастырылған. Яғни айыппұл салынады. Жалақынытөлемеген және кешіктірген шағын бизнес иесі – 60, орта бизнес – 100 және ірібизнес иесі 150 АЕК көлемінде айыппұл төлейді». Бұл норма төтенше жағдай кезінде болмады, бірақ 12 мамырданбастап барлық кәсіпорындар мәжбүрлі демалысқа жіберген жұмысшыларына ең төменгіжалақы төлеуге міндеттелді.

 Отандық агроөнімдер шығару саласында жұмысістейтін кәсіпкер Арман Жанқабыловтың айтуынша,  42 500 теңге көмек емес, нағыз қамытболып отыр. «Үкіметтің пандемия кезінде отандық кәсіпке мұндай салмақ салуыдұрыс емес. Жұмыстың тоқтауына жұмыс беруші кінәлі емес. Бұл – карантин режимінентуындаған мәселе. Қазір кәсіпкерлер онсыз да қалтырап отыр. Сондықтан оларғаодан әрі жүк артып, қамыт кигізіп, қыса берудің қажеті шамалы. Бұл отандықэкономиканы тұншықтыратын іс», – дейді Арман Жанқабылов.

         

                                          Қарыз қысып барады

  Жалпы,төтенше жағдай басталғалы жекелеген адамдардан бөлек, шағын бизнестіжауапкершілікке тарту, орынсыз айыппұлдар арқалатудың  күшейіп тұрғанын біз бұдан бұрын да жаздық. Алматыдатек сәуір айында  карантин талаптарынсақтамаған 110 кәсіпкерге 30 млн теңге айыппұл салынғанын, біршама кәсіпкерлермемлекеттік қолдауды сезіне алмай, тіпті банкроттық жағдайға жетудің алдындаекенін біз жақсы білеміз.  Бұған қатысты«Жас Алашқа» мәлімет берген бірінші кредиттікбюроның дерегінше, сұлулық салон иелері, қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар,сауналар мен массаж салондары қазірдің өзінде қарызға белшеден батқан. Пандемиякезінде кәсіпкерлердің төлемеген қарызы  147 миллион теңгеге жеткен. «Төтенше жағдайкезінде кәсіпкерлердің несиесі кешірілді. Бірақ олар алдағы маусым, шілдеайларынан бастап несиелерін төлей бастауы керек. Олардың көпшілігі сәуір, мамырайларында бизнестері мүлде жүрмегенін, табыстары жоқ екенін айтып, несиеніқалай төлейтіндерін білмей отыр. Бұл жағдай бірқатар кәсіпкердің ісін тоқыратыпжібергені анық», – дейді банк секторының маманы Жасұлан Серғалиев. 

   Осылайша кәсіпкерлердіқарыз қатты қысып тұрғанын алға тартқан мамандар болашақта шағын бизнескеқолдау керектігін айтуда. Тіпті мемлекеттің бөлген субсидиясына тек ірікәсіпкерлердің қолы жетіп, шағын бизнес тағы да шөміштен қағылып жатқанын алғатартқан мамандар «үкімет мұндай тәсілмен экономиканы  шырмаудан шығара алмайды» деседі.

    

                       Дүниежүзілікбанктің болжамы  не дейді?

   Отандық мамандар осылай деп жатқан тұста экономиканықұтқаруға қатысты Дүниежүзілік банктің болжамы да көңіл көншітпей тұр. Аталмышбанктіңпрезиденті Дэвид Мэлпастыңпайымдауынша, пандемия салдарынан әлемде 60 миллионан астам адам жұмыс таппай,сенделіп қалуы мүмкін. Тіпті Қазақстан тәрізді елдерде әрбір екінші адамжұмыссыз қалуы ықтимал. Мэлпас әрбір ел экономикалық өсімге жеткісі келсе,алдымен отандық бизнесін қолдауы керектігін баса айтып отыр. «Жеке секторды, шағынбизнесті қолдау экономиканың тұрақтылығын нығайтады» деген ол  Дүниежүзілік банк  алдағы 15 ай ішінде пандемия зардаптарыменкүресу үшін дамушы елдерге гранттар, несиелер және инвестициялар түрінде 160миллиард АҚШ долларын бөлуді өз міндетіне алғанын қоса айтты.  

  Әлемдік банктің басшысы «отандық бизнесіңді қолда,қарапайым шегеге дейін өз еліңде шығаруға тырыс» деп үндеп жатқанда, біздің үкіметтің  ұлттық бизнесті тұқыртып,  жүндеп жатқанын қалай түсінуге болады?! Отандықбизнес болмаса, отандық өнімді қайдан аламыз?!

   Қазір кең-байтақ ауылшаруашылық жеріміз, малөсіруге қолайлы ортамыз бола тұра, етті және ет өнімдерін Египеттен,Парагвайдан тасып, Қытайдың шіріген көкөністерін тұтынып жүрміз. Кезінде бүкіл КеңесОдағына атағы жайылған Алматының апортын өсіре алдық, ал бүгінде Польшадан алмасұрап, өзбек пен тәжіктен қауын-қарбыз әкеліп мәзбіз. Тіпті Алматының «барахолкасы»жабылып еді, Қытайдың шұлығына да зар боп қалдық емес пе!? Біз ине мен жіпкедейін Қытайдан таситын елміз. Мамандар қиындықтан, жоқшылықтан, тіпті халықтыаштықтан құтқаратын өзімізде өндірілетін өнім екенін айтып, дабыл қаққалы біразболды. Мұны елеп-ескеріп, отандық бизнесті қолдаудың орнына үкімет заң менқаулыны қайта-қайта өзгертіп әуре. Талапты күшейту, шындап келгенде, заңдыбелден басатын ірі бизнесмендерге аса әсер ете қоймас.  Ал  өзеңбегімен өсіп,  көктеп келе жатқан шағынбизнесті орынсыз  түртпектеу көктейсолдыратыны анық.

   Негізінде,осы 42 500 теңгені төтенше жағдай кезінде 3 млн адам алған болса, төленгенқаржының жалпы сомасы  127 млрд теңгеніқұрайды екен. Еліміздегі дағдарысқақарсы пакеттің қаржы көлемі – 6 трлн (!) теңге.  Сонда қазіргі сәтте халыққа көмек үшін бюджеттенәлі 1 трлн теңге де жұмсалған жоқ қой. Енді неге осы 42 мың теңгені төлеугекелгенде үкімет қайта-қайта қашқақтай береді?! Шындап келгенде,  42 500 теңге  қарапайым халықтың бір айлық азық-түлігіне дежетпейтін ақша емес пе?! Сонда жыртыққа жамау бола алмайтын  осы қаржыны шенді-шекпенділер халықтан  қызғана ма, әлде бұл соманы әлеуметке  төлеу бюджетке шынымен де қатты салмақ түсіріпотыр ма?!  

Тақырыпқа тұздық

Осы мәселеге қатысты  «Жас Алашқа» экономист-ғалым, GSB UIB директорының орынбасары МақсатХалық пікір білдірді.

Банкроттық жағдайда отырғандар баршылық

– Қазіргі таңда бизнес өте қиынжағдайда тұр. Төтенше жағдайдан кейін ешқандай табыс жоқ. Жеке кәсіпкердіңнысанды жалдау құны, несиесі, жұмысшыларының жалақысы бар. Осының барлығынолардың көпшілігі төлей алмай отыр. Қанша жерден «шағын бизнестің кредитінеканикул жарияланды» дегенмен, қазір түсімі азайды. Алдағы уақытта блок-бекеттерашылады. Облыстан, ауданнан, ауылдан қалаға жұмысшылар келеді. Сол кездекәсіпкерлердің оларды қабылдай алатын жағдайы бар ма? Ақиқатында, жұмысшыларғажалақы төлейтін қаржысы болмай қалуы ғажап емес. Түсімі күрт азайған кәсіпкерлероларды жұмысқа қайта қабылдай алмауы да мүмкін. Мұның артында жаппайжұмыссыздық мәселесі тұр. Кәсіпкерлердің арасында жұмыссыз қалғандарға42 500 теңгені төлемек түгіл, банкроттық жағдай жариялағалы отырғандар да баршылық.Сондықтан жұмыссыз қалғандарға «өтемақыны өзің төле» деп міндеттеу қисынғакелмейді. Айналдырған 42 500 теңгеге қатысты қаулыны қайта-қайтақұбылтудың қажеті қанша?! Қазір біз үшін ең маңыздысы – отандық бизнестіқолдау. Экономиканы тығырықтан шығаратын отандық бизнесті мүжудің мәні жоқ. Сынсағатта халық та, шағын бизнес те мемлекеттік қолдауды сезінуі тиіс.

ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«ЖасАлаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега