Сараптама

Қысылтаяңда шағын бизнесті мүжу үкіметтің беделін өсірмейді

Елде карантинталабына бағынбағандарды жаппай жауапкершілікке тарту үрдісі жүріп жатыр.

Jasalash.kz

Жекелегенадамдардан бөлек, шағын бизнеске айыппұл арқалату күшейіп тұр. Осығанбайланысты Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл РустамЖүрсінов дабыл қағып отыр. Оның пікірінше, атқарушы билік шағын бизнесті тым қатты жазалауда.

Деректергежүгінсек, Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 110 кәсіпкерге 30 млн теңгеайыппұл салыныпты. Елдегі кәсіпкерлердің құқын қорғаушы  Жүрсінов мырза төтенше жағдай режимiн бұзғаныүшін жауапкершілікке тартылған кәсіпкерлердің жазасын жеңілдетуді сұрап, жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов пен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқахат жолдаған болатын. Хаттың қысқаша мәтінінде: «Төтенше жағдай кезіндекәсіпкерлердің қамауға алынуы шектеу шараларының әсерін күшейтеді жәнеәлеуметтік-қоғамдық шиеленісті ушықтырады. Бизнеске онсыз да оңай тиіпжатқан жоқ. Бұл жағдай оларды тығырыққа тірейді. Кәсіпкерлерді әкімшілікқамауға алу шарасын 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу немесеескерту жасау шарасымен алмастыруды сұраймыз», – деп жазылған.

Жалпы, қысылтаяңсәтте отандық бизнесті жазалау қаншалықты негізді? Экономиканы тығырықтаншығаратын шағын бизнес дегенімізбен, кәсіпкерлер үкіметтің нақты қолдауын сезініпжүр ме? Атқарушы билік карантинді желеу етіп, көңіліне жақпай жүрген кейбір кәсіпкерлердітіптен қинап жіберген жоқ па? Өз тарапымыздан біз осы мәселені талдап көрудіжөн көрдік.  

Негізінде, біздің экономикада орта және шағын бизнестіңжалпы ішкі  өнімдегі (ВВП) үлес салмағынебәрі 28 пайызды құрайды. 2013 жылы үкімет бағдарлама қабылдап, «2015жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға көтереміз» деген еді,артынша ол мерзімді 2020 жылға дейін созды. Бірақ 2020 жылға жетсек те, 40 пайыздықмежені әлі бағындыра алмадық. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70 пайызға дейінжетіп, тұрғындардың басым бөлігі жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Ал біздегі жұмысістеуге қабілетті  8 миллион халықтың 2миллионға жетер-жетпесі ғана шағын кәсіппен айналысады. Сөйте тұра тиістіоргандар осы шағын кәсіппен айналысатындарды «жүндеуге» келгенде алдарына жансалмайды. Тіпті біздің елде шағын кәсіппен айналысу үшін жоғарыда көкең болуыкерек деген түсінік те мықтап қалыптасқан. «Біздегі  бизнес тек шенеуніктер үшін ыңғайлы» дейтіндерде баршылық. 

 Ол жайында әңгіме бөлек, ал  қазіргідей қиын сәтте «талапқа сай жұмысістемедің» деп, шағын бизнесті мүжу, жазалау қисынды ма? Бұл ретте экономист-ғалымАтамұрат Шәменов: «Тұтынушысын қанаған, бағаны негізсіз өсірген, тауарыныңсапасы төмен бола тұра, оны қымбатқа сатқан, бір сөзбен айтқанда, алаяқтыққажол берген  кәсіпкерге жаза болуы керек»,–дейді. Әйтсе де біздегі жаза орынды ма?

Жалпы, біздің билікмұнай арзандап, доллар қымбаттап кетсе үнемі кәсіпкерлерге «бағаны өсіргендердің басы кетеді»,«кәсіптеріңмен қоштаса беріңдер», «әкімдер бағаны бақылауға алсын» деп, отандықөндірісшілер мен жергілікті әкімдерге шүйлігеді де жатады. Осыдан кейін іріқалалардың әкімдері шапқылап жүріп базар аралап, өнім бағасының өскен-өспегенінеқатысты рейд жүргізіп, әлек болған кездер де жиі орын алды. Өркениетті елдердіңэкономистері біздің әкімдердің бұл әрекетін көрсе аямай мысқылдар еді. Себебібұлайша бағаны қолдан байлап-матау ешбір нарықтың заңына келмейтін дүние. Нарықта «тауар бағасын шектепұстау керек» деген қағида жоқ. Бұл әдістен отандық өнім өндірушілер пайдакөрудің орнына ұтылып, қаншама кәсіпорын тығырыққа тірелді.  Мәселен, отандық қант өндірушілер«Қазақстанда ақ қанттың бағасы жыл сайын өсім береді. Мұның басты себебі – бізәріптестік байланыс жасайтын Бразилия, Ресей елдерінде қанттың бағасы ай сайынөсіп отыр. Соңғы төрт айлық көрсеткіш бойынша, Нью-Йорк биржасының есебінше,  қант бағасы 137 пайызға дейін өскен. Ал  мұндай әлемдік қымбатшылық белең алып жатқантұста біз өнім бағасын өсірмей тағы тұра алмаймыз» дегенді алға тартты.

 Сондай-ақ күнбағыс майын өндірушілерде әлемдік нарықта күнбағыс майының өскенін мысал ете келе, биыл өз өнімдерініңбағасын тағы да өсіруге тура келетініне өкініш білдіреді.  Өнімнің көтерме бағасының қымбат екенін  айтқан кәсіпкерлер «қазіргі біздің тірлігімізжұмыртқаны 20 теңгеге алып, оны 10 теңгеден  арзанға сататын Қожанасырдың әрекеті тәрізді»деп отыр.

 Бұған қатысты алматылық кәсіпкерЕрмек Шәріпов: «Көтерме бағаның өзі қымбат болса қайтеміз? Мысалы, бір келіұнның көтерме бағасы 180 теңге, ал үкімет оны 146 теңгеден сатуға ұйғарып,шектік баға енгізіп қойды. Төтенше жағдайда шектік бағаға бағынбасақ айыппұлсалады. Сонда бізге 180 теңгеден сатып алып, 146 теңгеге сатқанша сөреден ұндыалып тастаған тиімді емес пе, міне, осыдан барып өнім тапшылығы туындайды. Демек,үкіметке есі дұрыс шешімдер қабылдау қажет», – деп төтесінен қойып қалды.

  Расымен де, 3 сәуірде сауда және интеграция,ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктерінің бірлескен бұйрығыменәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тоғыз түріне шекті бөлшек саудабағалары енгізілген болатын. Осы арада үкімет сол шектік бағаның әр өңірде әртүрліекенін ескермеген тәрізді.  Мысалы, тасымалшығынын есептегенде, алыс өңірлерге ұн қымбат бағаға жеткізілсе,  бір өңірге қырыққабат қымбат бағағажеткізіледі,  енді бір өңірде күнбағысмайы қымбат бағада жеткізіліп жатыр. Осылайша көтерме бағасының өзі қымбатболса, кәсіпкер оны қалай арзанға сатады? Үкіметте отырған дағдарысменеджерлері неге мұны ескермей қалған?!

 Жалпы, бізде нарықтағы бағаныңөсімін бақылайтын да, қадағалайтын да  арнайы мемлекеттік органдар бар.  Бұдан бөлек, өнім бағасын өсірмеу туралы президенткедейін сөз етіп, министрліктер де мәлімдеме жасап, шала бүлінеді де жатады. Ал мәселегетереңірек үңілер болсақ, бағаның өсуімен тиімді күресуге кедергі келтіріпотырған ішкі техникалық біршама кілтипан бар екенін байқаймыз. Негізінде, деркезінде анықтап түйінін шеше алса, бағаның бей-берекет өсуіне тосқауыл қою оп-оңайболар еді. Мысалы, тауардың сатылу бағасына  бірінші коррупциялық қадамдар әсер етеді. Оларғакедендегі, жолдардағы және тексеруші құрылымдардың және басқа заңсызалым-салықтарды жатқызуға болады. Бұған қоса, өнім бағасының өсуіне электрэнергиясы мен жанармай бағасының өсуі, қымбаттауы да үздіксіз әсер ететінідаусыз.

     Міне, осындай қарапайым ғана дүниелербизнестің жолына үлкен тұсау екенін үкімет білмейді емес, біледі. Бірақ,  неге екені белгісіз, мәселені шешуді  шырмауықша созып жібереді. Тіпті кейдепроблемаларды жоюдың орнына жоғарыда отырып алып оны одан әрі ушықтырып,сауатсыз шешімдерді қабылдап жіберетіндер тағы бар. Ал мұндай әрекеттердің соңыүкіметке бедел әкелмейтіні тағы анық.

Тақырыпқа тұздық

 

                              Шектік бағамәселесі шешілуі керек

    Осы мәселеге қатысты «Жас Алашқа» пікірбілдірген Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілРустам Жүрсінов былай деді:

– 3 сәуірде сауда және интеграция, ауылшаруашылығы және ұлттық экономика министрліктерінің бірлескен бұйрығымен әлеуметтікмаңызы бар азық-түлік тауарларының тоғыз түріне шекті бөлшек сауда бағаларыенгізілді:

1) бірінші сұрыпты бидай ұны;

2) бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілгеннан (қалыптық);

 3)макарон өнімдері (таразыға өлшеп сатылатын);

 4)қарақұмық жармасы (дән, таразыға өлшеп сатылатын);

5) ажарланған күріш (дөңгелек дәнді,таразыға өлшеп сатылатын);

6) сиыр еті (сүйегі бар жауырын-кеудебөлігі);

7) тауық жұмыртқасы (бірінші санат);

 8) күнбағыс майы;

9) ас тұзы («Экстрадан» басқа).

    Бағалар өңірлерге байланысты әртүрлі болуымүмкін, ал шекті бағаны арттырғаны үшін кәсіпкерге бірінші жолы 277 800 теңгежәне бір жыл ішінде бұзушылық қайталанса 555 600 теңге айыппұл салуға әкепсоғады Өкінішке қарай, орталық мемлекеттік органдар аталмыш бұйрықты қабылдау барысындаөңірлердегі баға белгілеу тізбегіне егжей-тегжейлі талдау жүргізбеген. Нәтижесіндесауда желілері мен дүкендердің тізімге енген өнімдерді енгізілген шекті бөлшекбағадан әлдеқайда жоғары бағамен сатып алатыны анықталды. Бұл,  әрине, кәсіпкерлік мақсаттарына қайшы келеді.

     Ұлттық палата әлеуметтік маңызы баразық-түлік тауарларының бағасына үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Нәтижесіндеелдегі шекті бағаның айтарлықтай артқаны байқалады. Мысалы, Ақтөбе облысындабірінші сортты бидай ұнының шекті бағасы бір келі үшін 146 теңге мөлшеріндебелгіленген, алайда факті бойынша құны 180 теңгені құрайды. Батыс Қазақстаноблысында бірінші санаттағы 10 жұмыртқаның шекті бағасы 275 теңге мөлшеріндебелгіленген, ал нақты бағасы 400 теңгені құрайды. Өзге өңірлердегі жағдай даосыған ұқсас. Өнім берушілер мен өндірушілердің өз өнімдерін төмен көтермебағамен сатуға мүмкіндігі жоқ. Ал шекті бағадан асырғаны үшін салынатын қомақтыайыппұл өңірлерде кейбір тауарлардың тапшылығын тудырып отыр. Өйткені түпкісатушыларға оларды көтерме бағамен сатып алу тиімсіз, олар көбінесе шектібөлшек сауда бағаларынан жоғары болады. Ақмола облысында Small супермаркеттержелісінің басшылығы күнбағыс майын сөрелерден алып тастау туралы шешімқабылдаған. Себебі олардың көтерме бағалары шекті бөлшек сауда бағасынанжоғары. Өзге өңірлердегі көрініс те осыған ұқсас.

    9 сәуірде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерпалатасы төралқасы сауда комитетінің отырысы барысында мен сауда жәнеинтеграция министрлігіне осы проблеманы жеткіздім. Министрлік шекті бағанықайта қарауға келісті. Осы ұсыныстармен біз жазбаша түрде уәкілетті органғажүгіндік. Кейбір әкімдіктердің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  202-бабын негізге ала отырып, кәсіпкерлергеескерту жасамастан, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға деген ерекшеқұлшынысы алаңдаушылық туғызады. Алматы қаласында төтенше жағдай кезеңіндеәкімдік қызметкерлері 110 кәсіпкерге жалпы сомасы 30 млн теңге айыппұл салғаныанықталды. Өкінішке қарай, мұндай тәжірибе өзге өңірлерде де байқалған. Шектік бағалармәселесінде нүкте әлі қойылған жоқ, бұл мәселе жақын арада шешілуі керек.

           Кішікәсіпкерді емес, ірі кәсіпкерді жазалау керек

 «Адал»тұтынушылардың құқығын қорғау бірлестігінің төрайымы Артық Сейітқалиева былайдейді:

Меніңше, ірікәсіпкерлерге бақылауды күшейту керек. Біздің бірлестікке  тұтынушылардан көптеген арыздар түсіп жатыр. Іріәуе компаниялары карантин кезінде  азаматтардың билеттерін кері қайтармауда.  Туристік компаниялар жұрттың ақшасынқайтаруға асықпай отыр. Сосын, қазір ірі сауда орындарына халық онлайн тапсырысберіп жатыр. Тұрмыстық техникалар сатып алып жатқан көпшілік қауым «тапсырыстытез әкеледі, бірақ артынан тауар көңілімізден шықпай, өткіземіз десек, ірі сауда орталықтары қайтарып алмай жатыр» депкөп шағымдануда. Осы тектес 50-ге жуық арыз түсті.  Көпшілік тұтынушылардың құқын қорғаудепартаментіне де шағымданыпты, бізге де арызданып отыр. Мұндай мәселелерді үкіметшешуі тиіс. Бұлар ірі сауда орындары, ірі бизнес өкілдері болғандықтан, оларғабақылауды күшейту керек. Кіші кәсіпкерлерді емес, ірі кәсіпкерлерді жазалауқажет.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега