Қытай елшісі наразылық нотасына қатысты пікірін айтты
ҚытайдыңҚазақстандағы елшісі Чжан Сяо жуырда жария болған "Қазақстан неліктенҚытайға оралуды аңсайды" атты атышулы мақалаға қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Ертай Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мынаған басымдық бергімкеледі. Жуырда Қытайдың тәуелсіз контентінде жария болған мақала ешбір ресмиорындардың көзқарасын танытпайды. Алайда, бұл жағдай қазіргі таңда ғаламтордыңжалған, лас, әрі әрқилы өсек-аяң ақпараттарға толып кеткенін айшықтап берді.Сондай-ақ, екі елдің қарым-қатынасына кері ықпалын тигізетін мұндай дүниелерді жоюда қостарап та белсенді шаралар қабылдау қажеттігін ұқтырды. Мен сонымен қатар, ҚРСІМ-нің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мырзамен кездесу барысында,Қазақстан-Қытай достастығының ғасырдан-ғасырға жалғастығының кепілі ретіндебізге тарих оқулықтарының мазмұнына ерекше мән беру керектігін, сөйтіп жасұрпақты тарихтың шынайы көзқарасы негізінде тәрбиелеудің аса маңызды екенінайттым».
Бұл үзінді Қытайдың «Глобал Таймс» газеті мен порталыныңҚытай елшісімен жүргізген эксклюзивті сұхбатынан алынып, аударылды.
Бұдан бөлек, Қытайдың әлеуметтік желілерінде Қазақстанның аталғанмақалаға орай, Қытайға наразылық нотасын жолдау әрекетін сынға алды.
"Қазақстан түймедейді түйедей етті. Бұл аталған елдіңдипломатиясының жетілмегенін білдіреді. Жекелеген қолданушылардың пікірі тұтасбір елдің көзқарасын танытпайды. Интернет — ашық платформа. Сол себептіәркімнің аузына қақпақ болу мүмкін емес. Шет елдерде Қытайды қаралағанмақалалар ресми сайттардың бас беттерінде толып тұр. Қазақстанда да аз емес.Сол сияқты Қазақстанға қара күйе жаққан мақалалар Батыста да бар. Шағымшылболса оларға неге қарсылық білдірмейді" дейді наразылық нотасына наразылықтанытқан бір порталында.
Қытайдыңбұл жазбасы 510 мыңнан аса қаралып, көптеген пікірлер жазылған.
Өткен аптада Қытайдык sohu.com сайтында жария болған"Қазақстан неліктен Қытайға оралуды аңсайды" мақаласы сайттан алынды.
Соңғы уақытта Қытай елшісін шақырып наразылықтарын білдіріпжатқандар елдер бар. Мысалы, жуырда қараларды ренжітті деп африкалықтар дашағым түсірген.
Ертай НҮСІПЖАНОВ
Редакциядан:Бұл аты шулы мақала жайында «Жас Алаш» бұған дейін ой қозғаған болатын. Артынша Қазақстан Қытай сайтында жарияланған мақалаға наразылық білдіріп Қытайға нота жолдады.