Әлеумет

Қытай компаниясы: «Батырбаев көмек сұрамаса, Бегенге бармас едік»

Бесқарағай ауданы, Беген ауылының тұрғындары ай-күнніңаманында ауыл шетіндегі көлге келіп, «көмек бермек» болған қытайлық «Uon King»ЖШС өкілдеріне сес көрсетіп, наразылықтарын білдіруге мәжбүр болды.

Jasalash.kz

Бегендіктердің тарапынан тап мұндай қарсылық боларын күтпеген қытайлық компанияамалсыздан ауыл шетінен қайтуына тура келген. Әңгіменің анығы –жақында ғанаоблыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ тағайындауымен ШҚО Энергетика және ТҮКШбасқармасының басшысы қызметіне «ат ауыстырып» кеткен осы ауданның бұрынғыәкімі Дәулет БАТЫРБАЕВТЫҢ Қара Мырза ауылында егін шаруашылығымен айналысатын аталғанкомпаниядан көмек сұраған екен. Яғни, көктем сайын көлдің деңгейі көтеріліп,ауылдағы үйлерге қауіп төндіретіндіктен, іргесінен құбыр тартып, суын азайтуды«өтініп», айды аспанға шығарған жайы бар. Ал, бұдан ауыл тұрғындары бейхабарболып шыққаны өз алдына, ашумен атқа қонуға сәл қалған.

Мәселенің мән-жайын айтқанымен, есімін жария етпеудіөтінген ауыл тұрғынының сөзіне сүйенсек, оқиға желтоқсан айының басында болған.«Қытай компаниясы Беген көлін сатып алғалы жатыр» деген қауесетті растағандайжетіп келген «Uon King» серіктестігіне ауылдың жас-кәрісі түгелдей жиылып,ешқандай көмекке зәру еместігін, көлдегі су деңгейі көтерілуі жылдағы жағдайболғандықтан, одан келер қауіп жоқтығын мәлімдей келіп, «енді осы мәселемен тағы келетін болсаңдар, жақсылық күтпеңдер» депсалған екен. «Біз бәріміз бірден басымызды қосып, ауыл іргесіндегі трассашетінде тұрған қытайлықтарға жетіп бардық. Арасында сонда жұмыс істейтінЕрболат ЕРЕНҰЛЫ тұр екен. Ол ауданның бұрынғы әкімі Дәулет Батырбаев көлдіңсуын төмендетіп беруді сұрағандықтан, көмек бермек оймен көлді көругекелгендерін айтты. Бұл ауыл адамдарының ашуына тиді. Қарсылығымызды ашықбілдіріп, көлдің маңайына енді жуысаңдар жақсылық күтпеңдер» деп қаттыескерттік» дейді әлгі азамат.

Осы сөзді негізге ала отырып, «Uon King» серіктестігі басдиректорының орынбасары Ерболат Еренұлымен телефон арқылы тілдестік. Олбегендіктер тарапынан қарсылыққа ұшырағандықтарын теріске шығарған жоқ.

«Шындығындабізден қазір облысқа қызметі ауысып кеткен Батырбаевтың ауданды басқарыптұрғанда  серіктестік басшылығынан көмексұрағаны рас. Беген көлінің суын төмендету мақсатында скважина қаздырукеректігін айтқан болатын. Ол кеткенімен, мәселе күшінде шығар деген оймен,Бегенге барар алдында ауыл әкімі Нұрлан ТӨЛЕУҰЛЫНА ескерттік. Ол ауырыпжатқанын айтты. Барғанымызда да кездесуге ауыл әкімдігінен ешкім келген жоқ.Есесіне, ауыл тұрғындарының наразылығына тап болдық. Ауыл арасында «Қытайлықтаркөлді сатып алмақ» деген қауесет тарап кетіпті. Мен компания ешқашан көлдісатып алмайтынын айттым. Және қандай да бір оймен емес, ауылды басу қаупіненарылту үшін қол ұшын бермек болғанымызды бегендік азаматтарға түсіндірдім. Оларкөлдің сырын тұрғалы бері жақсы білетіндіктен, ешқандай көмектің керекеместігін бірауыздан айтты. Біз де жөнімізге қайттық. Енді, ол жақта біздіңтарапымыздан ешқандай да жұмыс атқарылмайды,-дейді Ерболат РАХМЕТУЛЛИН.

Қазіргі күнде бегендіктердің көңілі орнығып,алаңдаушылығы басылған сыңайлы. Дегенмен, жергілікті атқарушы биліктің бұлтұрғыдағы ұстанымы, аудан әкімі қызметіне қараша айында ғана тағайындалғанШалқар БАЙБЕКОВТІҢ көзқарасын білуге тырыстық. Алайда, аудандық ішкі саясат,мәдение және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назира ТАСБОЛАТҚЫЗЫМЕН ғанатілдесудің сәті түсті.

«Бегенауылында қазір жағдай тұрақталған. Ауыл тұрғындарының алаңдауына енді негізжоқ. Шалқар Заманбекұлы бұл мәселеден хабардар. Аудан әкімі бұл халықтыңшешіміне байланысты екендігін бегендіктермен кездесуінде айтқан. Яғни, ауылхалқы көлдің суын қазуға қарсылық білдіргендіктен, бұрынғы қалпында қалаберетін болады»,- дейді Н. Идрисова.

Айтпақшы, Назира Тасболатқызының айтуынша, жоғарыда аталған Қытайдың «Uon King»серіктестігі Бесқарағай ауданының Қарамырза ауылында 2015 жылдан бері егіншаруашылығымен айналысып келеді. Серіктестік бұл аумақтағы жерді он жылғаарендаға алғаны белгілі болып отыр.

Фотоныавтор ұсынды.

   

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега