Қытай компаниясы Оралдағы су қоймасына қызығушылық танытты
«CITIC Construction» Қытайкомпаниясы Батыс Қазақстан облысындағы Киров атындағы су қоймасына қызығушылықтанытып отыр.
2019 жылдың 1 маусымында қытайлық делегация арнайы іс сапарменкеліп кетті. Бұл туралы «Жас АЛАШ» uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайлық компания өкілдеріБәйтерек ауданындағы Янайкино кентіне таяу жердегі Киров су қоймасын көрген.Оларды су қоймасын ауыл шаруашылығына пайдалану преспективасы қызықтырған. Суқоймасының жанындағы жер көлемі 20 гектар. Қызығы бұл ақпарат жергіліктіәкімдікке қарайтын БАҚ-да жарияланбады.
«CITICConstruction компаниясының өкілдері келді. Қытайдан келген инвесторлар жердіиегеру жөнінде келіссөздер жүргізді. Бұл сапарда тек су қоймасын көріп,маңаймен танысып шықты», — депті ауыл шаруашылық басқармасының баспасөз хатшысыНұргүл МҰҚАНОВА.
Қытайлық меймандардың келіпкеткенін облыс басшысы Алтай КӨЛГІНОВТЫҢ баспасөз хатшысы Дәурен СӘКЕНҰЛЫрастады. Оның айтуынша, инвесторлар ауыл шаруашылық саласына қаржы құюға ынталыекен.
Фото: baribar.kz