Саясат

Қытайда екі жыл ішінде 20-дан астам мешіт жойылған

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында (ШҰАА) екі жыл ішінде 20-дан астам мешіт жойылған.

Jasalash.kz
Бұл туралы Жас АЛАШ The Guardianбритандық газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл ақпаратты сарапшылар ашық дереккөздеріне, жердің ғарыштан түсірілген суреттеріне қарап растап отыр. Зерттеу нәтижесінде 2016 және 2018 жылдар аралығында 33 діни ғимаратқа зақым келгені анықталған. Олардың 31-і мешіт болса, қалған екеуі мазар. Оның бірі аудандағы ең ірі күмбез Имам Асимнің қабірі болып шыққан. Бұл күмбезге мұсылмандар көбіне зиярат етуге келетін болған.

Айта кетейік, бұдан бұрын да БАҚ беттерінде Қытайдағы мұсылмандардың қысым көріп жатқаны жайлы ақпараттар жарияланып еді. Атап айтсақ, жерді үнемдеу мақсатында қайтыс болған адамды жерлеуге тыйым салу туралы үкімнің шығуы, Қытай «қайта тәрбиелеу лагерлеріндегі» мұсылмандардың азапталуы, Қытай үкіметінің мемлекеттік қызметтегі шыңжаңдықтарға ораза ұстауына тиым салуы және 18 жасқа толмағандарға мешітке кіруін шектеуі.

Фото: www.theguardian.com/

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега