Қытайдағы 13 қазақ не үшін сотталды?
Бүгін қытайлық арнаның жаңалықтарынан көрсетілген репортаж елімізде әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті.
Қытайдағы бір топ қазақ азаматтарына үкім оқылып жатқан сәті түсірілген видеожазбада не айтылды? «Жас Алаш» тілшісі саралап көрді.
Қытайдың Шыңжаң аймағына қарасты Алтайдың Шіңгіл ауданында болған жайт аудандық телеарнаның эфирінен ұсынылған.
«31-наурызда түске дейін Чиң Хы (Шіңгіл. – Ред.) ауданындатұңғыш рет қара қолдар тобын аудандық халық соты ашық түрде соттады. Аудандықхалық құрылтайы өкілдері, саяси кеңесшілер, мекемелік қызметкерлер, зардапшеккендер және сотталушылардың туыстары бастаған барлығы 150-ден астам адамқатысты. Сот Мамырбек бастаған 13 айыпталушыны зорлау, құмар ойындарыорталықтарын ашу, заңсыз қару-жарақ ұстау, топтасып төбелесу сияқты 5 түрліқылмыстық іс бойынша айыптап отыр, — дейді жаңалық жүргізушісі.
Бұдан ары қолдарыкісендеулі күйде сот залына кіргізілген бір топ ер-азаматтарға үкім оқылыпжатқан сәті көрінеді.
Кадр сыртындағымәлімет бойынша бұл – Чин Хы ауданында ашылған алғашқы бұзақылық іс болып отыр.Судьяның айтуынша, Мамырбек өзінің сыбайластарымен бірігіп, көптеген заңсызәрекеттермен айналысып келген. Күш қолдану арқылы әйелдерді қорқытып, жыныстыққатынасқа итермелеген, белгілі бір жерлердегі халықты құмар ойындар ойнауғашақырып, өзі содан пайда тауып отырған. Қауіпті қару-жарақ пен оқ-дәрілердізаңсыз ұстап келген.
Сонымен қатар, суыққару қолдану арқылы тонаумен де айналысқан деген айып тағады. Айталық,147-алтын кеніне қарумен қорқытып басып кіріп, адамдардың денсаулығына қауіптідәрежеде зақым келтірген. Көшедегі көліктерді қиратқан, қоғамдық орындардабасқаларды ұрып-соққан.
Қысқасы, Мамырбекбастаған 13 айыпталушыны мемлекеттік заңды елемей, өз алдына қожа болып, қоғамқауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіргені үшін бір жарым жылдан жиырма жылға дейінбас бостандығынан айыру үкімі және дүние-мүлкін тәркілеу үкімі кесілген.
Репортаждың соңыосы жолғы қылмыстық іс – қылмысқа қарсы ауданда іске асып жатқан әр түрлішаралардың бір парасы, басы деген мағынада аяқтайды.
Сонымен қатар, «Қоғамдағызұлым күштерге қарсы күрес», «Бүлікті тізгіндеу», «Содырларды жою»,«Төңкерісшілерді құрту», «Қатаң соққы беру қозғалысы» және «Қарақолдардысыпырып, зорекерлерді жоғалту» сияқты саяси науқандар аталады. Осы саясинауқандар аясында халыққа тыныш өмір сыйлау мақсатында аянбай жұмыс істеужалғасатынан айтады қытайлық арна.
Видеожазбада аты бірнеше рет аталған Мамырбек КӨПЖАСАР – ірі кәсіпкер. Ұлты – қазақ. Әлеуметтік желі қолданушылары оның «қазаққа көп жақсылық жасаған азамат» екенін жазуда.
Қытайдың осы өңірінен келген ақын Ұларбек ДӘЛЕЙ Facebook парақшасында сотталған өзге азаматтар туралы мынадай ақпарат береді:
«Бергі жағынан санағанда екінші тұрған жігіт Дәулет — 75кг салмақта қытайда өзіне қарсы келер боксшы аз еді. Спортты ерте тастап, бизнеске кеткен.
Тағы біреуі Төлеш — футболшы. Тіпті, кезінде қытайдың мемлекеттік командасында ойнаған».
Еске сала кетейік, бүгін Шыңжаңдағы Алтай аймағы, Шіңгіл ауданында 15 қазақ азаматының сотталғаны жайлы ақпарат тараған.
www.youtube.com/watch?v=X2FV8SQ_qEAВидеожазбаны қазақшалап берген Мұратбек Кәдіржан.