Саясат

Қытайдан қашқан қазақ экстремист болып танылуы мүмкін

Қытайдан қашқан этникалық қазақтарды, егерде олардың экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бары рас болып жатса, Қытайбилігіне қайтарып береміз деп мәлімдеді, сенат мәжілісі сыртында ҚазТАГ тілшісініңсұрағына жауап берген ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

Jasalash.kz

«Егер де бұл жандардың экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар болып шықса,сөз жоқ, біз мәселені халықаралық заңдар мен конвенцияларға  сәйкес, заңмен бекітілген тәртіп аясындашешеміз. Егер олардың қылмыстық істерге қатысы болмаса, мәселе басқаша қаралады.Шекараны бұзып келген ана бір екеуі(Қытайдан қашып келген Қастер Мұсаханұлы менМұрагер Әлімұлын меңзеп тұр) шекараны заңсыз бұзып өткені үшін ғана сотталдыемес пе. Басқа еш жауапқа тартылып жатқан жоқ» деді Н. Білісбеков.

Білісбеков мырза еске алған босқын статусытуралы халықаралық конвенцияны (1951 жылы қабылданған Женева конвенциясы,Қазақстан 1998 жылы қосылған)ескерген болсақ, Қастер мен Мұрагерге еш «бұлаңқұйрықсыз-ақ» босқын мәртебесін беріп, оларды соттаудың қажеті жоқ болар еді. Егер,аяқ астынан, Қытай билігі бұл екеуін экстремист деп танып, әйтіп-бүйтіп «бұлжытпасдеректер» тауып, біздің билікке сұрау салса, елім деп келіп, абақтыға қамалған  екі жігітті қайтарып береміз бе? Біздің билікмойындамағанымен Қытайдағы қайта тәрбиелеу лагерлері жабылып қалмайды ғой. Мұсылмантүркілерге көрсетіп жатқан қысымы да босаңсый қоймас. Демек, әлі біршама қазақпана іздеп, шекарадан өтуі әбден мүмкін. Сонда оның бәрінің де «экстремист»болып шығуы ғажап емес. Қытайда да Есіл соты тәрізді соттар бар шығар. Әлде бұләңгіменің тамыры,  Майк Помпео келіпкеткен соң, бұлқан-талқан болып, Қазақстанның «наместнигі» сынды ашу шақырған Қытайелшісінен шығып жатыр ма?  Әрине, Қытайеліне зомбылықтан қашқан қазақтардың біздің елде қалып қалғаны (тіпті түрмедеде болсын) жақпайды. Бәлкім бұл Н. Білісбеков мырзаның келешекте бұл мәселегеқатысты қолданылуы мүмкін шаралар туралы елді алдын ала құлаққағыс еткеніболар? Ана жақтан мынау «экстремист» деген «дәлелді» қағазын әкеле салса, мынажақтағылар «ә, солай екен ғой» деп, бейбақ қазақты байлап-матап бере саладыемес пе? Ешқандай да халықаралық конвенция, адам құқы дегенге бас қатырып тажатпайды. Қалай десек те, ҰҚК төрағасының орынбасары үлкен бір мәселенің «құлағын»қылқитты. Демек, бір қитұрқы жоспар жасалып жатқан болар.  

Коллаж: Жас Алаш.  

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега