Саясат

Қытайдан тағы екі қазақ қашып келді

Қазақстан шекарасынбұзып өткен қытайлық қос азамат Қастер МҰСАҚАНҰЛЫ мен Мұрагер ӘЛІМҰЛЫ баспасөзмәслихатын өткізді.

Jasalash.kz

2019 жылдың 6 қазанкүні Қазақстан шекарасынан өткен  этникалық қазақтар Қытайда қуғын-сүргінгеұшырағандарын айтады. Олар қазақтардың құқығы тапталып жатқандығын және «саясиүйрету лагеріне» қамаулардың тоқтамай жатқанын жеткізді.

«Менің жасым жиырма бесте. Тарбағатай аймағы Дүрбілжіңауданынанмын. Екі рет бір-бір тәуліктен қамауда болдым. Ұрып-соқты. Лагерденбес қазақты босатса, жиырма қазақты қамайды. Жаназа шығаруға тиым салынған.Зираттағы жарты айларды жұлып тастап жатыр. Сақалы бар ақсақалды көрмейсің. Олжақта бес жастағы ұлым мен әке-шешем қалды. Солар үшін алаңдаймын. Қазақстанбосқын мәртебесін берсе екен. Заңсыз шекара асқанымды мойындаймын. Соттаса соттасын.Одан қашпаймын. Қытай абақтысында жатқанша атамекенімнің түрмесінде жатайын», — дейді Мұрагер Әлімұлы.

Қос азаматтыңсөздеріне қарағанда, олар Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданы арқылыекі елдің шекарасын кесіп өткен.

Отыз жастағы ҚастерМұсақанұлы 2009 жылы Үрімжіде болған ереуілге қатысты сотталған. 4 жыл 8 айтүзеу мекемесінде отырған Қастер бар жазығым Үрімжіден болғаным дейді. Соданбері қуғынан көз ашпағанын айтады.

«Қытайда «саяси үйрету лагері» 2009 жылы ашылды.Қудалаулар содан бері басталды. Ұйғырлармен болған қақтығысқа менің қатысым жоқ.Бірақ соған жазықты етті. Қамауда аямай азаптады. Қазір де ол жақта азап шегіпжатқан бауырларымыз қаншама. Бір ауданда тоғыз лагерь бар. Қазақстанатажұртымыз. Босқын мәртебесін беруді сұраймыз», — дейді Қастер Мұсақанұлы.

Заңға сәйкес шекаранызаңсыз бұзып өткендер бес күннің ішінде көші-қон полициясына баруы тиіс.Қытайдан келген этникалық қазақтар баспасөз мәслихатынан кейін өз еріктеріменберілетіндер мәлімдеді.

Фото автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега