Қытайды енді шегіртке баса ма? (видео)
<span style=«color:#222222;font-family:» font-size:15px;background-color:#ffffff;"="">БҰҰ-ның «news.
un.org» сайты жер бетіне төніп келе жатқан тағы бір апат – құмды шөл шегірткесінің қатері туралы дабыл қақты.Африканың шығыс бөлігінен басталған бұл апат, қазіргі таңда Қызыл теңізден өтіп, араб түбегі мен Иранға, онан Пәкістан, Үндістан елдеріне дейін жеткен. Кенияның шығыс бөлігіндегі кейбір шегіртке шоғырының ұзындығы 60 шақырымға, ені 40 шақырымдық аумаққа созылған. Ғалымдар осынау обыр жәндіктің жылдам көбейіп жатқандығына алаңдап отырғандығын алға тартуда. Шегірткелер <span style=«color:#222222;font-family:» font-size:15px;background-color:#ffffff;"="">Шыңжаңның оңтүстігіндегі Қашқар, Хотан аймақтары арқылы Қытай шекарасына кіретін болса, біртінде жатқан солтүстік Шыңжаң жеріне жетуі де ғажап емес деген күдік туындады. Солтүстік Шыңжаңға жетті деген сөз, Қазақстанның шығыс бөлігіне қатер төнді дегенмен бірдей нәрсе. Көңілге медеу болатыны Қытайдың қорғанысының бекемдігі ғана.