Қоғам

Қытайдан тауар жеткіземін деп 24 млн теңге алған қазақстандық әйел БАӘ-де ұсталды

Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінде алаяқтық жасады деген күдікпен қолға түсті.

Фото: ашық дереккөзден

Тергеу мәліметінше, ол Қытайдан тауар сатып алып, жеткізіп беруге уәде етіп, жәбірленуші мен оның ата-анасының ақшасын иемденген.

Келтірілген шығынның жалпы көлемі 24 млн теңгені құраған. Қазір күдікті қамауда отыр.

Тағы бір ұстау дерегі Алматыда тіркелді. Полиция жергілікті тұрғынның үйін тінту кезінде қару-жарақтың тұтас жиынтығын тапқан.

Тінту барысында ойық ұңғылы мылтық, тапанша, оқ-дәрілер, үш пышақ және әртүрлі қару түрлерінің макеттері тәркіленді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: БАӘ Ұстау қамау