Қоғам

Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттері тағы 3 күнге жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері 1, 2 және 3 қазанда уақытша жұмысын тоқтатады.

Фото: әлеуметтік желіден

Осы күндері адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізуге шектеу қойылады. Шектеу Қытай Халық Республикасының құрылған күніне орай енгізіледі. Бұл ретте теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен тасымалдаушыларға сапарын алдын ала жоспарлап, шектеу күндерін ескеруді ескертті. 

Еске салайық, 25 қыркүйекте Қытайдағы Орта күз мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерінде де уақытша шектеу болған. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Қытай шекара