Әлеумет

Қызыл судың алдын алуға Павлодарда 1 070 млрд. теңге бөлінді

Павлодар облысы әкімі Болат БАҚАУОВ Баянауыл ауданындағы су басу қауіпі бар аймақтарды аралады.

Jasalash.kz

Бұл туралы zhasalash.kz облыс әкімдігінің ресми сайты pavlodar.gov.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Өңір басшысы «Ақжар» су бөгетінің қазіргі ахуалына баға берді. Қараащы ауылында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысып, Ащысу өзені арқылы өтетін көпір мен былтырғы су тасқынынан кейін қалпына келтірілген жол учаскелерін де қарап шықты. 2017 жылғы тасқынды кезең ескеріле отырып, биыл облыс бойынша жалпы тұрғындар саны 4619 болатын 57 елді мекен айрықша бақылауға алынған. Оған қоса, ұзындығы 4,951 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының 42 учаскесі, 0,1 шақырымдық теміржол бөлігі баса назарда тұр.«Қазгидромет» павлодарлық филиалының мәліметінше облыс көлемінде әлі ерімеген қар жамылғысы қалыпты мөлшерден 10 пайызға және былтырғы қар деңгейінен 30 пайызға төмен. Аймақ аумағында қардың күрт еруі күтілмейді. Сондықтан, еріген қар суының жаппай басу қаупі аз.Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға облыста 1 070 млрд. теңге (2017 жылы – 936,5 миллион теңге, 2016 жылы – 766,9 миллион теңге) ақшалай қаражат қарастырылған. Су тасқыны жағдайын жоюға арналған арнайы күш пен құралдар тобы белгіленді. Оған 600 техника, жүзу құралдары мен 1827 адам жұмылдырылған.Облыс әкімі тікұшақпен аудандарды аралап жүргенде өңір орталығы Павлодар қаласында қармен бірге асфальт жолдарда еріп жатыр. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерге шаһар көшелеріндегі шұрық тесікке түсіп кеткен автоларының суреттерін салып жатыр.

Фото:pavlodar.gov.kz, gorodpavlodar.kz

  
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега