Өңір

Қызылорда Абайды жатырқай ма?

Жеті жыл жыр болған ақын ескерткіші Сыр өңірінде ардақталмай тұр 2020 жыл да бел ортасына таяды.

Jasalash.kz

Бұл жыл еліміз үшінмәдени-көпшілік шараларға толы. Атап айтқанда, биыл Конституцияның – 25, АлтынОрданың – 750, Абай Құнанбаевтың – 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдықмерейтойы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Қазақстан халқы ассамблеясының 25жылдығы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

        

 Басқасын айтпағанда, біз үшін ұлыақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын ел болып жоғары деңгейде атапөткізу маңызды болып тұр. Қазақ елін әлемге танытқан ұлы Абай атамыздың мерейлімерейтойына дайындығымыз қалай? Ақын есімін өскелең ұрпақтың жадында өздеңгейінде дәріптей алып жүрміз бе? Шынын айтқанда, елімізде ақын атыменаталатын көшелер, білім ордалары және тағы басқа мәдени-көпшілік орындар аземес. Соның ішнде Сыр өңірі де өзге облыстардан бұл тұрғыда кенже қалып тұрғанжоқ. Қызылорда қаласының өзінде ұлы ақын есімімен аталатын үлкен даңғыл бар.Сол сияқты Абай атымен аталатын ауыл, ақын есіміне берілген елді мекендер менкөшелер жеткілікті. Десе де, осы орайда, «әттеген-ай» дейтін бір мәселе бар.Өңірге ақынның бір ескерткіші сұранып тұрғанын аңғаруға болады.

Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын ақын ескерткішін ашу туралы сол кездегі облысжәне қала басшылығы тарапынан бастама көтеріліп, жергілікті жұртшылықты бірқуанышқа кенелткен болатын. Тіпті 2012 жылы сол кездегі қалалық құрылысбөлімінің басшысы Асылбек Әнуарбеков ескерткіштің жыл соңына дейін тұрғызылатынында мәлімдеген еді.

Жалпы құны 120 млн теңгеге бағаланған ескерткішті тұрғызуға мүсінші МергенҚосжанов білек сыбана кірісіп кетті. Оның айтуынша, ескерткіштің биіктігі 5метрге жуықтайды. Сонымен қатар оның айналасына Абайдың қара сөздері тасқақашалып жазылады деп жоспарланған еді. Ескерткіш сол жылдың Тәуелсіздік күніқарсаңында ашылады деп күтілді.

Дегенмен бәрі ел күткендей оң нәтиже бермеді. Ескерткіш еңсесін тіктеп,тиісті орынға қойылғанымен, бетіне ақ мата жабылған күйі ұзақ уақыт пайдалануғаберілмей тұрып қалды. Уақыт өте келе, бұл түйткілдің түйінін тарқату мақсатындақала әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен тұрақты кеңес отырысы өткізіліп, солкеңесте ескерткіштің пайдалануға берілмеу себебі белгілі болды.

  Жиында сол кездегі «Қызылорда су жүйесі»мекемесінің басшысы М.Өсербаев ескерткіштің астында үш бірдей «водовод» барекенін, егер соның бірі жарылатын болса, мүсінді су шайып кету қаупі туындаптұрғанын хабарлады. Алайда сол орынның ескерткіш салуға қолайсыздық тудыратыны жайындаалдын ала неге ескерту айтылмағаны жұмбақ күйінде қала берді. Сол кеңесте қалаәкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен ескерткішті қауіпсіз аймаққа көшіру туралышешім шығарылып, қаладағы Түркістан көшесі бойындағы №2 Мұрагер мектебініңалдына орналастырылатын болып келісілді. Бұл шешім заңды күшіне еніп, көпұзамай ақын ескерткіші аталмыш білім ордасының алдына көшірілді.

Сол уақытта көпшілікті қуанышқа бөлеген тағы бір сүйінші хабар ел ішінкезіп кетті. Онда Абай ескерткішінің көшірілуімен қатар, аталған білім ордасыда ұлы ақынның атымен аталатын болыпты деген жаңалық желдей есті. Ұлы ақынесімін өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртып, ұлықтап жатсақ несі айып?! «Бәрекелді!»дескен жандар аз болмады.

Бірақ содан бері жеті жылға жуық уақыт өтіпті. Алайда Абай атамыздың өзіайтқандай, «баяғы жартас – сол жартас» күйінде тұр. Сол уақыттан бері Абайатамыздың 170 жылдығы өткізілсе, биыл 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өтудікөздеп отырмыз. Бірақ жеті жыл жыр болған Абай ескерткішіне қатысты түйткілдіңтүйіні әлі күнге тарқатылған жоқ.

Сол кездері Мұрагер мектебіне Абай есімін беру жайындатиісті орындар тарапынан ономастика мәселесіне рұқсат берілмей тұрғаны жайындаайтылған еді. Соған орай, сол кездегі президентәкімшілігінің басшысы Н.Нығматулиннің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №284-2тапсырмасына сәйкес, нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардыңқұрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесіне 2016 жылғадейін мораторий жарияланғаны мәлім болған-ды. Алайда арада қаншама жылөтсе де, атау беру мәселесі де шешімін таппады.

Бұған қоса, тағы бір дерек көңілімізге кірбің ұялатады. Атап айтқанда,білім ордасының қақ алдында тұрған еңселі ескерткіш мемлекет қорғауында емесекен деген жайсыз хабар тарады. Өңіріміздегі барлық мүсіндер талапқа сай болып,қазақтың атын айдай әлемге паш еткен ұлы ақынның ескерткіші мемлекет тарапынанелеусіз қалғаны күмәнді ойларға жетелейді. Бір білім ордасына атын берудімәселе етіп жүргенде, бұл дерек көңілімізді түсіріп отырғаны ащы да болсашындық.

    Абай даңғылы бойындағыескерткіштің бұрынғы мекені болған орында бүгінде ақынның тасқа қашалыпжазылған қара сөздері ғана сақталып қалды. Сол орыннан ескерткіш алыныптасталған күннен бері бұл мекен көпшілік тарапынан елеусіз қалған секілді десек,артық айтқандық болмас. Осылайша қаламызда Абай ескерткіші білім ордасыныңалдында тұрса, тасқа қашалып жазылған қара сөздері ақынмен аттас даңғыл бойындакөпшілік көзінен елеусіз қалып тұр. Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осыекі ескерткішті біріктіріп, қала орталығынан ойып тұрып орын берсе, нұр үстіненұр болар еді.

Ұлы ақынның мерейтойықарсаңында бұл түйткілдерді өз деңгейінде шеше аламыз ба? Бұған құзырлы орындарүн қосар деп үміттенеміз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега