Әлеумет

Қызылорда әкімі саудагер сұрағына жауап бермей кетті

Әкім базарға барса баға тұрақта ма? Қызылорда облыстық статистикабасқармасының мәліметінше өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 763 теңгеекен.

Jasalash.kz

Бұл мәлімет облыс басшысы Қуанышбек ЫСҚАҚОВТЫ шошытты ма екен, өткен сенбі 3-қараша күні әкім азық-түлік бағаларын қадағалау үшін бірқатаршенеуніктермен көпшілік «Ескі базар» атап кеткен жерді аралады. Ондағы көкөнісбағаларын саудагердің ауызынан естіген әкімдік өкілі неге қымбат екенін сұрай қойғанысол еді, сатушы базар аралаған шенеуніктің сұрағына сұрақпен жауап берді.

Әкімдік өкілі: -Картоп қанша?

Саудагерлер: -130-дан, 120-дан.

Әкім өкілі: -Помидор?

Саудагерлер: -430 теңге

Әкімдік өкілі: -Неге қымбат?

Саудагер: Не ол қымбат? Енді өздеріңтамақтың бәрін қымбаттатып жіберген жоқсыңдар ма?  Неге қымбат дейді, өздерің арзандатсаңдаршыбензинді бәрін.

Шенеунік пен сатушы арасындағы диалог облыс әкімдігінің фейсбуктегі ресмипарақшасындағы бейнежазбада  жазылған. Бұл сауалды естіген аймақ басшысы саудагердің жауабына жауап таппады ма, әлде қымбатшылықтыңқарқын алғанына өзін кінәлағанына қынжылды ма, әйтеуір сатушының сөзінен соңүндеместен әрі қарай жүріп кетті.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ақ жағалылар мен Нұр Отан партиясыныңоблыстағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал ӘЛНАЗАРОВАНЫ жанынаертіп, демалыс күні демалдырмай  қаладағыәлеуметтік дүкендер, базарлар, аурухана мен дәріханаларды аралапты. Баспасөзхатшысының айтуынша әкімнің аяқ асты қаланы аралауға шығатынын тіпті өздері деалдын ала білмеген екен.

Фото: zhanakorgan.gov.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега