Әлеумет

Қызылордада екі сиыр бағу қиын

Қызылорда облысының шенділеріжылда мемлекеттің миллиондарын жұмсап Сырдария өзенін қанша бекітіп жатса да,биыл тағы тасқынға тосқауыл қоя алмады.

Jasalash.kz

Жуырда Қармақшы ауданындағы мал бағыпкүнелткен бірнеше шаруа қожалығы арнасынан асқан судың ортасында қалды. 200гектар жерге жайылған өзен суы тіпті халықаралық Батыс Қытай-Батыс Еуропатрассасының жиегіне дейін келген. Ал баққан малымыз, еккен егініміз суға кеттідеп жан ұшырған тұрғындар алдын ала ешкім ескертпеді, тіпті тасқын кезінде қолұшын созар жан болмады деп налып отыр.

Қармақшы ауданындағы сегіз шаруақожалығының төрт түліктеріне әзірлеп қойған қысқы жем-шөбі, техникалары,  суда қалған. Мұндағы тұрғындар бұған дейін деСырдарияның асау мінезінен әбігерленіп шығатынбыз дейді. Осымен үшінші рет суарнасынан асқанда көмек таппай, өзенмен өзіміз арпалысып жүрдік деп ашынады.

«Ескерту қағазын су алып жатқанда қолымызға әкеліп беріпқол қойдыртты. Бір күннің ішінде су алды да кетті. Бала-шағамыз суды кешіпмалды шығарды. Елбасымыз екі сиыр алып бағыңдар деп еді. Бірнеше сиыр алыпбағып отырмыз. Өзен тасып жатыр. Өлім-жітім көп. Сырдарияның тасқынынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне сеніп алғансиырларымды бағу мүмкін болмай отыр», — дейді тұрғын Роза ӘМІРЕЕВА.

Төтенше жағдай кезіндебасы-қасында өзім жүрдім деген аудан әкімінің орынбасары бұл жолы мүлде шығынболмады деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Соған қарағанда ол үшін суда қалғанқожалықтардың қазіргі күйі шығынға есептелмейтіндей. Ал аудан әкімі тасқынныңалдын алуға арналған ақшаны тек су алып кеткен соң ғана жұмсайтын көрінеді.

«Біздің резервімізде төтенше жағдайдың алдын алуға 18 млнтеңге тұр. Бірақ оны төтенше жағдай болған кезде ғана жұмсаймыз.  Сең жүру, мұз ұстасу кезінде алдын ала осымаңдағы тұрғындарға ескерту қағаздарын беріп отырмыз. Малдарын шығаруға көмекберілді», — дейді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас СҮЙЕУБАЕВ.

Биыл Қызылорда облысы бойыншаСырдария өзеніндегі төтенше жағдайларға арналып бюджеттен 525 млн теңгебөлініпті. Ал жылда қашан келетіні белгісіз өзен суынан қауіптеніп қорқынышқұшағында күнелткен көпшілік тасқынға төтеп бере алмайтын жауаптыларға өкпелі.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега