Саясат

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында 99,85 пайыз дауыс жинады

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында бесінші мерзімге қайта сайланды. Ресей Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметінше, ол сайлаушылардың 99,85 пайыз дауысын алған.

Фото: Фото: ТАСС

Қадыров биліктегі «Единая Россия» партиясының атынан сайлауға түсті. Оның екі қарсыласы – «Справедливая Россия» өкілі Исмаил Денильханов пен Коммунистік партиядан Халид Накаевтың әрқайсысы 0,05 пайыздан дауыс жинаған. 

Ресми нәтиже бойынша, Қадыровтың көрсеткіші 2021 жылғы сайлаудан да жоғары. Ол кезде Ресей сайлау органдары оның 99,73 пайыз дауыс алғанын хабарлаған еді. Қадыров Шешенстанды 2007 жылдан бері басқарып келеді. 

Reuters Ресейдегі сайлау науқаны қатаң саяси бақылау жағдайында өткенін жазады. Соғысқа қарсы бірқатар кандидат сайлауға қатыстырылмаған. Бұған дейін халықаралық бақылаушылар Шешенстандағы сайлаулардың өту тәртібін сынаған, ал Қадыров мұндай сындарды жоққа шығарып келеді. 

Шешенстан басшысын сайлау Ресей Мемлекеттік думасына және бірқатар өңірдегі билік органдарына сайлаумен қатар өтті. 

Сайт Әкімшілігі