Саясат

Рауан Кенжеханұлы: Президенттің шетелдік жұмыс күшін 40%-ға қысқарту туралы шешімі аса маңызды

Белгілі қоғамқайраткері Рауан Кенжеханұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысындакөтерілген ұсыныстарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Jasalash.kz

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екіншіотырысында Мемлекет басшысы тарапынан көтерілген ұсыныстардың барлығықазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға арналған деп айта аламын. Соныңішінде маңызды шешімдердің бірі, ол қазақстандық ірі кәсіпорындарда жұмысістейтін шетелдік және отандық жұмысшылардың экономикалық құқықтарын теңестіру.Сондай-ақ, шет елден келетін жұмыс күшін 40%-ға пайызға дейін қысқартыпқазақстандық жұмысшылардың санын арттыру. Бұл қазақстандық қарапайым жұмысшыныңжағдайын жақсартып, жұртты еңбекпен қамту бағытындағы үлкен әрі маңызды шешімболды»,- дейді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуыменҰлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Отырыста Президент шетелдік жұмыс күшін тартуғаквотаны қысқартуды тапсырды.

Фото: ҚазАқпарат

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега