Ресейде митингіден кейін қылмыстық іс қозғалды
Оппозиционер Алексей Навальный қолдауға арналған 23 қаңтардағы митинг кезінде Ресейдің екі қаласында жол жабылғаны үшін қылмыстық істер қозғалды.
ІІМ мәліметінше, митинг кезінде жол жабылғандықтан «жол қозғалысы тоқтап, көлік байланысы тоқтатылып, басқа да салдары болған», — деп хабарлайды РИА Новости.
Ішкі істер министрлігінің бас басқармасының мәліметінше, Мәскеудегі жолдардың жабылуына байланысты көлік жолдарының жарамсыздығы туралы қылмыстық іс қозғалды.
Бұл дерек бойынша, РФ Қылмыстық кодексінің 267-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, полиция Владивостоктағы жолдардың жабылуына байланысты қылмыстық іс қозғаған. ІІМ басқармасының өкілдері жедел жәрдем көлігі төрт шұғыл шақыруға бара алмағанын, оның ішінде, төрт айлық балаға көмектесе алмағанын айтты.
Бұл баптың санкциясы бойынша, 100 мыңнан 300 мың рубльге дейін айыппұл не 240 сағаттық міндетті жұмыс, не бір жылға дейін мәжбүрлеп жұмыс істеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау митингі өтті. Навальныйды қолдаған митинг қатысушысына алғашқы үкім Санкт-Петербургте шықты.