Саясат

Ресейдегі жоғарғы қызметтегі қазақ

Этникалық қазақтар көп орналасқан елдерді бірі – Ресей Федерациясы.Көрші елде 2010 жылғы өткен санақ бойынша 647 мың қазақ өмір сүреді.

Jasalash.kz

Әдетте БАҚ ол жақтағы биліктегі қазақтарды сөз еткендеэкс-губернатор Аман ТӨЛЕЕВ пен Алматыда туған Мемлекеттік дума спикерініңорынбасары Владимир ЖИРИНОВСКИЙДІ тілге тиек етеді.

Ресейдің Кемеров облысын он жылдан аса уақыт басқарғанАман Төлеевтен кейін Ресейдегі лауазымды қызметтердің бірінде отырған қазақВладимир ВАСИЛЬЕВ. 11 тамыз күні жетпіске келген Владимир АБДУӘЛИҰЛЫ РФқұрамына кіретін Дағыстанның басшысы. Бұл қызметке 2018 жылдың 8 қыркүйегіндетағайындалды.

Саясаткер 1949 жылы 11 тамыз күні Клин қаласында дүниегекелген. Асанбаев Алик Абдуәлиұлы деп туу куәлігі берілген.

«Анам Мәскеу облысында дүниегекелген. Загорский атындағы педагогикалық техникумда білім алған Әпкесініңкеңесімен практикадан өту үшін Қазақстанға барады. Сол жерде әкемментасынасады. Әкем мектеп директоры екен. Олар көңіл жарастырып бас қосады. Үшбала сүйеді. Алайда дәм-тұздары жараспай ажырасып кетеді. Шешем қайтаданРесейге көшіп кетеді. Әкем өз туған жерінде қалды. Бірақ бізді ұмытқан емес.Келіп тұратын. Өкінішке қарай әкем өмірден ерте кетті. Ол кезде мен екіншісыныптың оқушысы едім. Анам мен Юрий ағам жерледі», — деп еске алады Дағыстанпрезиденті.

Дағыстан президентінің Қазақстанда туыстары бар екен. Бірақбайланыстары үзіліп кетіпті. Болашақ президенттің отбасы Ресейде Голышкинодеревьнясында тұрыпты. Паспорт алатын кезде фамилиясы мен атын ауыстырыпты.Сөйтіп Владимир Васильев атаныпты. Ол анасының тегін алған. Ал әкесінің атынқалдырған.

1972 жылы Мәскеудегі арнайы милиция орта мектебінетүседі. Ата-анасы сынды педагогтық мамандықты таңдамай ішкі істер саласынакетеді. 1978 жылы Бүкілодақтық сырттай оқытатын заң институтына түседі. 1991жылы КСРО ІІМ-нің академиясына түседі. Отставкадағы генерал-полковник. Заңғылымдарының кандидаты. РФ ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, Қауіпсіздіккеңесі хатшысының орынбасары болып қызмет еткен. 2003-2017 жылдары Мемлекеттікдуманың депутаты болған Президент Владимир ПУТИН басқаратын «Единная Россия»партиясының мүшесі.

Фото ғаламтордан алынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега