Саясат

Ресейлік арна Қазақстанда қашан мәжіліс сайлауы өтетінін хабарлады

Ресейдің мемлекеттік телеарнасы«Россия 24» «Қазақстанда парламенттік сайлау 2020 жылдың наурыз айында өтеді» дегенақпарат таратты.

Jasalash.kz

Бұл журналистердің жай ғана болжамы ма, әлде Кремльден келген жаңалықпа, ол жағы беймәлім. Анығы – жақында Қазақстанда жаңа саяси науқан қызатынтүрі бар.

Ол қандай науқан дейсіз ғой?Әрине, кезектен тыс өтуі мүмкін парламент сайлауы. Бұған қатысты көп мәселекелесі айда анықталмақ. Ақпан айына «Нұр Отан» партиясының съезі шақырылды. Бұлжиында билік партиясының сайлауалды бағдарламасы қабылданбақ.

Былтырғы жылдың қараша айында«Нұр Отан» басшысы Назарбаев былай деді: «Келесі жылы өңірлерді дамытудыңбесжылдық бағдарламаларын іске асыру аяқталады. Жаңа бағдарламаларды қабылдауқажеттілігі жаңа электоралдық кезеңге сәйкес келіп отыр. Сондықтан бұлбағдарламалар әр өңір бойынша мәслихат сайлауында партияның сайлауалдыбағдарламасының негізіне айналуға тиіс. «NurOtan» партиясының мәжіліс сайлауындағы сайлауалды бағдарламасына келетінболсақ, бұл жұмысты саяси кеңес бюросының мүшесі ретінде премьер-министрбасқаруы қажет. Бұл бағдарламаны қазірден бастап дайындауға кіріскен жөн». Алайдаоған дейін, дәлірек айтсақ 2019 жылдың 21 тамызында, Назарбаев «парламентсайлауы конституциялық мерзімінде өтеді» дегенді мәлімдеген болатын.

Десек те,Қазақстанда бірде-бір рет президент пен парламент сайлауы конституциялықмерзімінде өтпеген еді. Депутаттар үнемі «біз тарауымыз керек, жаңа парламентқажет» деп мәлімдейді де, артынша тура сол билік қалаулылары мәжіліс төрінежайғасатын әдет қалыптасқан. Бұл жолы қалай болады? Негізінен, парламентсайлауы мерзімінен бұрын өте ме, жоқ па, оны Кітапхана  «меңгерушісі» шешетіні анық. Ал оғанпарламент сайлауын ерте өткізудің қажеті бар ма? Осыған талдау жасап көрейік.

Бір жағынан,бұл парламентті таратудың Назарбаевқа керегі жоқ. Депутаттардың дені «НұрОтаннан» жасақталған, ал қалған екі партия – «Ақ жол» мен «коммунистер»биліктің қолшоқпары екені бесенеден белгілі. Олай болса, бұларды мерзіміненбұрын таратудың қандай қажеттілігі бар? Айтқанын орындап, кез келген заңды,өзгерістерді бұл парламент қабылдап отыр. Халық арасында кіл «нұротандықтар»мен оның «сателлиттерінен» құралған парламентті биліктің «нотариалды кеңсесі»деп те атайды. Яғни жіберген құжатты заңдастырып, барлығын биліктің ыңғайынашешіп отырады. Оған қоса, бұл парламенттің президент Тоқаевты да бақылауынкүшейткені айқын. Бұған дәлел – «Нұр Отанның» парламенттегі фракциясыныңжетекшісі болып мәжіліс төрағасы Нығматулиннің тағайындалуы.

Саясисалмағы жоғары болып саналатын әрі аппараттық ойындарда шыңдалған, «Нұр Отан»басшысының айтқанын әрдайым орындап отыратын Нұрлан Нығматулиннің мәжілісспикерлігімен қоса, партия фракциясын басқаруы Тоқаевты да, үкіметті деқадағалауды күшейткенін байқатады. Ал мұны істеп отырған кім? Әрине, биліктенде-юре кеткен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Мұнымен қоса, президент сайлауыныңөткеніне әлі бір жыл да болған жоқ. 2019 жылғы президент сайлауы бұрынғыларданерекше болғаны анық. Біріншіден, оған Назарбаевтың өзі емес, ол таңдағанүміткер – Тоқаев қатысты. Екіншіден, ол сайлауда халықтың белсенді болғанысоншалық – жер-жерде бақылаушылар шығып, мыңдаған заңбұзушылықты әшкереледі.Үшіншіден, президенттік додаға көп жылдан бері оппозицияда жүрген сыңайтанытқан Қосанов түсіп, әйтеуір, билікке қарсы балама үміткер деп шешкен халықоған жаппай дауыс берді. Егер Тоқаевқа балама үміткер әлсіздік танытып, өзінеберілген дауысқа сатқындық жасамағанда, бір түн өтпей жатып қазіргі президентті«жеңісімен» құттықтамағанда, бүгінгі жағдай қалай болары белгісіз еді.

«Аузы күйгенүрлеп ішеді» демекші, президент сайлауынан жараланып шыққан билік тағы бірсаяси додаға дәл қазір бара қоюы неғайбыл. Қалай болғанда да, сайлау – саясиқызуды көтеретін, қоғамдық процестерді тірілтетін дода. Тәуелсіздікжылдарындағы ең ауыр өткен саяси науқанынан бір жыл өтпей жатып тағы бір сайлаужариялау бүгінгі билікке оңай болмасы анық. Міне, осы факторларды ескерсек,Назарбаев парламент сайлауын қазір емес, не жылдың аяғында, не келесі жылдыңбасында өткізуі мүмкін. Оған дейін түрлі әлеуметтік бағдарламаларды қабылдап,бюджет қызметкерлерінің айлығын, зейнетақыны өсіріп, халықтың көңілін аулауғатырысады. Бұл бүгінгі биліктің баяғы әдеті емес пе еді? 

Бірақ,екінші жағынан, парламент сайлауын өткізуге дайындық жұмыстары қазірденбасталып кеткенге ұқсайды. Тіпті «Нұр Отан» партиясын қолдау деңгейі 65пайыздан асады деген әлеуметтік сауалнамалар да жариялануда. «Нұр Отанның»қатарын танымал тұлғалар толықтырып, саяси белсенділігі артып келеді.Назарбаевтың өзі де «электоралды науқанға дайын болу керек» дегендей пікірдішегелеп айтты.

Ал енді бұлжерде Тоқаевтың позициясы қандай болмақ? Кейбір дереккөздерге қарағанда,Тоқаевтың әкімшілігі тіркелген саяси партиялардың бірін өз бақылауына алып,алдағы сайлауда өз адамдарын парламентке өткізбек. Атап айтсақ, «Ауыл»партиясының төрағалығына Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне кірген қоғамқайраткерінің бірін ұсынады деген болжамдар бар. Осыдан бірер ай бұрын бұлпартияның съезі де өтті. Бірақ жаңа төраға келмей, бұрынғы басшысы өз орнындақалды. Алайда егер жоғарыдағы шешім қабылданса, жағдай күрт өзгеріп, партиябасшылығын ауыстыру қиын емес екені түсінікті. Себебі тіркелген саясипартиялардың барлығы бүгінгі биліктің ықпалында екені сөзсіз. Яғни, кейбірболжамдарға қарағанда, Тоқаев та «Нұр Отанға» балама ретінде өз партиясын қолғаалып, саяси салмағын арттырмақ ниеті бар. Осыны түсінсе керек, Кітапхана«меңгерушісі» тіркелген партиялардың бірінің басшысын ауыстыруға рұқсатынбермегенге ұқсайды.

Соныменбірге бұдан да басқа саяси болжамдар жоқ емес. Парламент сайлауын биылмерзімінен бұрын өткізіп, келесі жылы президентті ауыстырып, билік транзитітолық аяқталады деген пікірлер бар. Тоқаевты қолпаштап, соны жақтап жүретінАрман Шораев та «президент сайлауын өткізуге болмайды» деген сыңайдағы пікірбілдіріпті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің әрі президент жақтаушысыныңмұндай өткір мәлімдеме жасауының астарында үлкен мәселе бары анық. Бұлпрезиденттік биліктің «дәмін» татып, ең жоғары билікке келген Қасым-ЖомартТоқаевтың билік транзитін одан әрі соза түсіп, өз орнында қалудың амалын жасап жатқанынкөрсетсе керек.

Ал бұл саясинауқанда қоғам нені талап етуі керек? Егер парламент не президент сайлауыбүгінгідей жағдайда өтсе, онда қоғамға бұдан келіп-кетер түгі де жоқ. Солсебепті парламент сайлауын өткізбес бұрын, билік бірқатар реформаларды жүзегеасыруы тиіс. Біріншіден, «Сайлау туралы» заңының өзіне өзгерістер енуі керек.Қазіргідей мәслихат сайлауына дейін тек қана партиялардың қатысуы азаматтардыңқұқығын шектейтіні анық. Мәслихат сайлауына жекелеген тұлғалар да қатысуғамүмкіндігі болуы тиіс. Онымен қоса, ешбір партияға қосылғысы келмейтінқайраткерлер мәжіліске мажоритарлы жүйе бойынша, яғни жеке азамат ретіндеқатысуға жол ашылғаны жөн. Екіншіден, «Саяси партиялар» туралы заңдарға да өзгерістерауадай қажет. Тоқаевтың партияны тіркеуді «40 мыңнан 20 мыңға түсіремін» деуіешқандай да реформа еместігін сарапшылар айтып жатыр. Себебі бұл жаңапартиялардың тіркеліп, олардың қоғамдық өмірге келуіне жағдай жасамайды. Саясипартияны тіркеу Қазақстанда барынша мүмкін емес етіп жасалғаны баршаға аян.Үшіншіден, бейбіт жиындар туралы заңға өзгерістер қажет-ақ. Бұдан бөлек,бірқатар саяси реформалар жасалмай, қандай да бір сайлаудың елге өзгерістерәкелетіні күмәнді.

Билік бұрынғыдай жаппай бұрмалаушылықтаржасап, сайлау нәтижесін өз ыңғайына қарай шығаруы қиындады. Әлеуметтікжелілердің таралуы ақпаратты тез жариялауға мүмкіндік берді. Халықты алдау,көпе-көрінеу дауыс ұрлау фактілері әшкере болған сайын халықтың да наразылығыарта беретіні анық. Сол себепті саяси реформалар мен өзгерістерсіз сайлауөткізу бүгінгі билікке қатерлі болуы бек мүмкін. 

Фото: vesti.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега