Ресей АҚШ пен Иран арасындағы мәселеге араласпайды – Песков
Ресей АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатыспайды, бірақ бейбіт реттеуге қол жеткізу үшін көмек көрсетуге дайын. Бұл туралв Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы келіссөздер процесінде делдал болып отырған жоқ. Біз бұған дейін де әртүрлі деңгейде айтқанымыздай, бейбіт реттеуге қол жеткізу және тиісті келісімге келу үшін сұралған кез келген көмекті көрсетуге дайынбыз», - деді ол.
Песковтың басқа да мәлімдемелері:
- Ресей Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер жалғасады және қақтығыстың күш қолдану арқылы қайта өршуіне жол берілмейді деп үміттенеді;
- Бірқатар саясаткерлердің мәлімдемелеріне қарағанда, Еуропаның Ресейге қатысты көзқарасы өзгерді деу үшін әлі ерте.