2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
Саясат

Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің үшжақты кездесуі БАӘ-де өтуі мүмкін

Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің үшжақты келіссөзі Біріккен Араб Әмірліктерінде өтуі мүмкін. Алайда кездесудің нақты күні әзірге белгіленген жоқ.

Фото: ЖИ / Жас Алаш

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, АҚШ тарапы үш ел өкілдерінің техникалық деңгейдегі кездесуін дайындауды ұсынып, ықтимал алаң ретінде БАӘ-ні атаған. Киев қазір Вашингтоннан келіссөз өтетін күнге қатысты ұсыныс күтіп отыр.

Кремль де мұндай келіссөздің талқыланып жатқанын растады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, үшжақты кездесу мәселесі Владимир Путин мен Дональд Трамптың соңғы телефон әңгімесінде қозғалған.

Песков кездесу «жақын арада» өтуі мүмкін екенін айтқанымен, әзірге нақты мерзімі мен басқа да параметрлері анықталмағанын мәлімдеді. 

Осылайша, тараптар әзірге мемлекет басшыларының саммитін емес, техникалық деңгейдегі үшжақты келіссөзді талқылап отыр. Зеленский бұған дейін ықтимал алаң ретінде Абу-Дабиді де атаған. 

Сайт Әкімшілігі