Саясат

Ресей депутаты Қырғызстандағы орысша атаулардың өзгеруіне наразылық білдірді

Ресей Мемлекеттік думасында Бішкекте салынып жатқан қырғыз-ресейлік Славян университетінің жаңа кампусы талқыланды.

Фото: ашық дереккөз

 Осы жиында Қырғызстандағы бірқатар елді мекендер мен көшелер атауының өзгеруі де көтерілді.

Әңгіме 2025 жылғы 25 қарашада жасалған келісім туралы болып отыр. Құжатқа сәйкес, Ресей тарапы кампустың жобасын әзірлеу, құрылысын жүргізу және жабдықтауды өз мойнына алады. Ал Қырғызстан кемінде 30 гектар жер бөліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс. Жоба іске қосылғаннан кейін мұнда 15 мыңға жуық студент білім алады деп жоспарланған. Келісімді Қырғызстан парламенті бекітіп, президент қол қойған.

Талқылау барысында Мемлекеттік дума депутаты Михаил Матвеев Қырғызстанда кеңестік және орыс тіліндегі атаулардың жаппай өзгертіліп жатқанын сынға алды. Оның айтуынша, Горький, Толстой, Фрунзе, Молодая гвардия сияқты атаулардың орнына жаңа атаулар беріліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі