Қоғам

Ресей Қазақстанда үш жылу электр станциясын салады

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресей шекаралық ынтымақтастықтың ХІХ өңіраралық форумында жасаған баяндамасында айтты.

Фото: из открытых источников

Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа жылу электр станциялары пайда болады.

«Ресей тарапының Қазақстандағы үш ЖЭО жобаларын жүзеге асыруға қатысуы туралы бүгін тиісті құжатқа қол қойылады. Қол қоюды күтіп отырмыз», - деді Жұманғарин.

Сонымен қатар тараптар Ресейден ағаш жеткізуге келісті. Жыл соңына дейін Қазақстан-Ресей шекарасында ағаш материалдарын әкелу үшін жаңа теміржол бекеттері (қолданыстағы алтыдан басқа) ашылады.

Әрі министр қазақстандық темір рудасының шикізатын ай сайынғы транзитпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: ЖЭС шикізат