Саясат

Ресей Қытайға газды айтарлықтай жеңілдікпен сатуға мәжбүр

Биыл «Сібір күші» газ құбыры арқылы жеткізілетін газдың бағасы Еуропа мен Түркияға қарағанда шамамен 40%-ға арзан.

Фото: 365info

 Мысалы, Қытай мың текше метр газ үшін 258 доллар төлесе, өзге елдерде бұл көрсеткіш 420 долларға дейін жетеді.

Сарапшылардың болжамынша, алдағы жылдары да бұл үрдіс сақталады. Тіпті осы онжылдықтың соңына дейін Қытай үшін газ бағасы басқа нарықтармен салыстырғанда шамамен 30%-ға төмен болуы мүмкін.

Өткен жылы Қытай Ресейден 38 млрд текше метр газ импорттаған. Бұл – «Газпром» экспортының жартысына жуығы.

Алдағы уақытта Ресей Қытайға жеткізілім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Алайда «Сібір күші – 2» жобасы әзірге жүзеге аспайды. Бұл жағдай Ресейдің Еуропа нарығынан айырылғаннан кейін Қытайға тәуелділігі күшейіп келе жатқанын аңғартады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: газ бағасы