Ресей мен Қазақстанда жұмыс істеген өзбектердің еңбек өтілі зейнетақыға есептелуі мүмкін
Өзбекстан үкіметі Ресей, Қазақстан және өзбекстандық мамандар жұмыс істейтін бірқатар елмен еңбек өтілін өзара есептеу және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөз жү
Өзбекстанның Бюджеттен тыс зейнетақы қоры директорының орынбасары Нуриддин Шадиходжаевтың айтуынша, мұндай келісімдер Қырғызстан және Әзербайжанмен қарым-қатынаста қазірдің өзінде қолданылып келеді.
Жоспарланып отырған механизм пропорционалды төлем қағидатына негізделеді. Яғни әр мемлекет азаматтың өз аумағында ресми жұмыс істеген кезеңіне сәйкес зейнетақы төлемдерін қаржыландырады.
Мысалы, мигрант Әзербайжанда 10 жыл, Өзбекстанда 5 жыл еңбек етсе, осы кезеңдерге тиесілі зейнетақы міндеттемелері екі елдің зейнетақы жүйелері арасында бөлінеді.