Әлеумет

Ресей қорғаныс шығынын 27 пайызға арттырмақ

Ресей билігі 2027 жылға арналған қорғаныс шығынын 17,1 трлн рубльге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Фото: Alexey Pavlishak/REUTERS

 Бұл бұған дейін жоспарланған сомадан шамамен 27 пайызға көп, деп хабарлайды Bloomberg

Бюджет құжаттарынасәйкес, Ресей бұған дейін 2027 жылы қорғаныс саласына 13,5 трлн рубль жұмсауды жоспарлаған. Енді бұл көрсеткіш 17,1 трлн рубльге немесе шамамен 202,6 млрд долларға дейін көтерілмек. Бұл – Украинадағы соғыс басталған 2022 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Алдағы үш жылда Ресейдің қорғанысқа жұмсайтын жалпы шығыны шамамен 50 трлн рубльге жетуі мүмкін. Сонымен қатар 2026 жылғы бюджет тапшылығы жөніндегі болжам да өзгерген: бұрын ЖІӨ-нің 1,6 пайызы болады деп күтілсе, енді 3,2 пайызға дейін өсуі ықтимал.

Әскери шығындардың артуы басқа салаларға бөлінетін қаражатқа әсер етпек. Бюджет құжаттарында 2027 жылы әлеуметтік саясатқа жұмсалатын қаржыны 7 пайызға, білім беруді 6 пайызға, денсаулық сақтауды 6,8 пайызға қысқарту қарастырылған. 

Өсіп келе жатқан бюджет тапшылығын жабу үшін Ресей билігі салықтарды көбейтіп, мемлекеттік қарыз көлемін арттыруды жоспарлап отыр. 2027 жылы мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 21,7 пайызына дейін жетуі мүмкін.

Сайт Әкімшілігі