Ресей Украинадағы қақтығысты «қатырып қоюға» қарсы екенін мәлімдеді
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің айтуынша, Украинадағы дағдарыстың негізгі себептері жойылмайынша, қақтығысты уақытша тоқтату мүмкін емес.
Ол сондай-ақ азаматтық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды «варварлық әрекет» деп бағалады.
Галузиннің сөзінше, шілде-тамыз айларында Украина Қарулы күштері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына қатысы бар нысандарға шабуыл жасаған. Оның айтуынша, КҚК ең алдымен Қазақстан экономикасының мүддесіне жұмыс істейді.
Ресей СІМ өкілі бұл жағдайға халықаралық қауымдастық, соның ішінде Киевке ықпалы бар АҚШ пен Еуропа елдері тарапынан «адекватты реакция» болады деп үміт білдірді. Ол аталған елдердің мұнай-газ компаниялары КҚК акционерлері екенін атап өтті. аудар